Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 8698 0 пікір 19 Маусым, 2017 сағат 01:36

Суды үнемдеу тәсілі

Кезінде Б.Байбек суды үнемдеу жайлы айтқанда, жұрт күлкіге айналдырған еді. Әйтпесе, жарықты жай сағаттап жағып қоятын, су босқа ағатын пәтерлер аз емес қой. Келешекте оны үнемдеу үшін бағасы ақырын көтерілетіні анық.

Бәлкім халықты үнемдеу мәдениетіне үйрету үшін 2020 жылдан бастап салынатын жаңа көпқабатты үйлерде сенсор душ пен жарық орнатуды міндеттеу керек шығар.

Мәселен, Британияда мен барған спорт залдары, бассейндердің душтары сенсор. Түскің келсе, қолыңды нүктесіне тигіз. Әр 10-15 секунд сайын. Ығырың шығып, тез шығып кетесің. Есесіне, су үнемделді. Егер суды үнемдеуді 2-3 жылда үйренсек, кейін қоқысты сорттап тастау, супермаркетте пакет алмау үшін өз сумкаңмен бару дегенге де ақырын көшерміз....

Мұны айтқаным - ЭКСПО-да баламалы энергия көзін тақырып еттік, жақсы, ал бірақ өзімізде ол 1%-ға жетпейді. Әлі 70% энергия көмірден келеді. Яғни тек жарық үшін жылына неше тонна көмір жағылатынын елестете берейік..... Қор сарқылады. Түтінін өзіміз жұтамыз.

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420