Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
46 - сөз 3791 2 пікір 19 Маусым, 2017 сағат 01:45

"Негізі бізде де вакцина бар. Ол тегін. Зекет деп аталады"

Бас имаммен тілдесіп отырмын. Ол кісі бүй дейді: " Кеше ауызашарда болдым. Отырғандардың басым бөлігі қырылып жатқан малдарын əңгіме ете бастады. Қотырдан құтылу үшін төрт түлігіне түрлі вакциналарды егіп жатқанын жеткізді.

Бірі алыстан бірі жақыннан қымбат екпелерді алдыртып жатқанын жарыса айтып жатыр. Əрі қараймын. Бері қараймын. Маған сөз тиетін емес. Содан сұқ саусағымды көтеріп, бір ауыз айтып жіберсем болады ма дедім да: "Негізі бізде де вакцина бар. Ол тегін. Зекет деп аталады" деп қойып қалдым дейді имам. . . .

Расында хадисте малдарыңды зекет беру арқылы қорғандар делінген. Яғни зекеті берілген малды Алла берекеттендіріп қояды.

Әбдіш Әбдісамат

Facebook-тегі парақшасынан

 

2 пікір