Жұма, 27 Желтоқсан 2024
«Соқыр» Фемида 7648 17 пікір 19 Маусым, 2017 сағат 12:23

Қазақстандағы Кремльдің агенттері

Қазақ елінде Кремльдің ықпалындағы агенттердің атқарып жатқан жұмыстары мыналар.

  1. Үш тұғырлы тіл саясаты арқылы қазақ мектебін орыс мектебінің бір түріне айналдыруға күш салуда. Бұл бағдарлама алдымен қазақ мектебінде білім деңгейін төмендетіп, дискредитация жасауды мақсат етеді. Екіншіден, жалпы елдің қазақылануына тосқауыл қояды.
  2. Агенттер кадр саясатына елеулі ықпал етіп, қазақша білмейтін, не әзер сөйлейтін әкімдер мен министрлердің тағайындалуына барын салып жатыр. Мұндай орыс тілді шенеуніктер ешкім міндеттемесе де Ресейдің саясатын өздігінен жүргізе береді. Сонымен бірге қазақ тілді бола тұра Ресейдің ықпалды агенттеріне көнбіс шенеуніктер жоқ емес. Олар да Қазақстанда қазақ тілінің салтанат құруына тежеу жасауда.
  3. Бүгінгі Ресейдің ықпалды агенттерінің басты мақсаты – орыс тілді қазақ субэтносын құру. Олар бізді өз қазағымыз арқылы Ресейдің боданы болуға ұдайы итермелеп отырады.Қара да тұр, ертең олар «біз қазақтан басқа, өзгешелеуміз, біздің ана тіліміз – орыс тілі.Біздің өз әдебиетіміз, классиктеріміз, өз орыстілді мешітіміз де бар. Демек– біздің рухани донорымыз Ресей» деп, елді бөліп жіберуі мүмкін.
  4. Былтырдан бері саяси орысшылдар мен Ресейдің ықпалды агенттері бірнеше рет бас көтерді: Майлыбаев, Галихин, Төлешевтер ісі люстрациясыз аяқталды, яғни олардың басқа жақтаушылары өз орындарынан мызғыған жоқ. Ресейдің ықпалды агенттері олардың ісін одан ары аршуды тоқтатып, бізді қайтадан ескі бағытқа түсіріп жіберді.
  5. Нұрекеңнің (Елбасының) бүгінгі үзеңгілестерінің біразы өздері жіберген қателіктерді кейін Нұрекеңе жабады, ал өздері бар жетістектердің авторы бола қояды. Сондықтан көңілшектікке жол бермей, ақты – ақ, қараны– қара дейтін кез келді. Ресейдің ықпалды агенттерін анықтап, олардың жасап жатқан жұмысына тосқауыл қойып отыруымыз керек.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052