Жұма, 22 Қараша 2024
6909 7 пікір 26 Маусым, 2017 сағат 15:00

Кейкі батырдың кейіпі қалпына келді

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгін Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесіп, былтыр Ресейден әкелінген әйгілі мерген Кейкі батырдың кейіпін қалпына келтірген мажарлық мамандарға рахмет айтты деп хабарлайды Абай-ақпарат.
"Сізбен кездесу сәтін пайдалана отырып мен Венгрия тарапына, елдің өкіметі мен ел басшыларына, сондай-ақ Кейкі батырдың кейіпін қалпына келтірген мажарлық мамандарға рахмет айтамын", - деді министр баспасөз өкілдіріне арнаған шағын мәслихат барысында.
Кейкі батыр - 1916 жылы Октябрь революциясын мойындамай қызылдарға да, ақтарға да қарсы шыққан халық батыры. Батыр 1923 жылы Қызыл әскерлердің қолынан қаза тапқан еді. Торғай даласындағы жұртты қырған Қызыл әскерлердің басшысы батырдың кесілген басын Ресейге жөнелткен. Бас сүйек былтырғы жылдың күзіне дейін Санкт-Петербордағы Кунскамерада тұрған еді. Қас мерген, көзссіз ердің басын елге қайтару жөнінде РФ Үкімет басшысына экс-премьер Кәрім Мәсімов ұсыныс жасаған болатын.
Батырдың бас сүйегі Венгрияның іргелі ғылымдар үйінің мұражайына жіберіліп, мұражай ғалымдарының қалыптауымен Кейкінің кейіпі қайта жасалды.
Абай-ақпарат
7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321