Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 9315 122 пікір 27 Маусым, 2017 сағат 10:11

"Т" таңбасы һәм Ата сөйлейді...

Ұлы Аталарымыздан қалған Тарихат жолының Сопылық ілімінде Қазақ тарихының тек қана бір ауыз сөзбен емес, бір дыбыс таңбамен де жазылатыны айтылады. Зерттеу барысында бұған көзім айқын жетті. Осы айтқаныма дәлел ретінде «Т» таңбасының мағынасын Сіздердің назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдім:

«Т» таңбасының толық мағынасы АТА. Иә, Иә кәдімгі өзін «Мен қазақпын» дейтін барлық қазақ баласының күнделікті ауыздарынан тастамайтын және үйлеріміздің қақ төрінде отыратын, айтқан өсиеттері тек қана көздерінің тірісінде емес, бақилық болғаннан кейін де екі етілмей орындалуға тиісті Аталарымыз.

Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?

 Атам Қазақтың рулық шежіресіне сәйкес «Т» таңбасы  30 таңбалы Қазақ Әліпбиінің тек қана 10 әрібіне жалғанады:

1. Ат (Ад) – Ад атамыздың (қауымының) аты және сонымен қатар мініс жылқысының, яғни Қазан аттың авторы. Бізге осы аталарымыздан сөз басы және сөз түбірі Ад (Ат), Ада (Ата), Адай (Атай), Адам (Атам), Қадам (Қаз Адам), Адамның аты (есімі), Мінетін ат (ердің серігі), Атышулы (әйгілі), Атақ (абырой), Атаман, Атау, Атырау,  Аталық,  Адақ (Атақ), Адым (Атым), МАД (Мат), Мадай (Маадай, Ман Адай, Матай) т.т. қалды.

2. Әт (Әд) – Әттең, Әтеш, Әтір, Әткеншек, Әдіс, Әділ, Әділдік,  Әділет, Әдеп, Әдет, Әдемі, МӘД, Мәдениет  т.т.

3. Ет (Ед) – Ет (ет пен сүйек), Ету, Етпеу, Етік, Кетік, Кете,  Етістік (қимыл, әрекет), Еді, Еділ (Аттила), Еділ (өзен), Едіге т.т.

4. Ит (Ид) – Ит елі, Итарқа, Ит балық, Ит шана, Ителгі, Ит балық, Ит жүзім, Бит, Кит, Семит, Хамит,  Қидан, Қидалау т.т.

5. От (Од) – От, Ота, От ана, Отан, Отар (бір отар қой, сол сияқты айдаған жаққа жүретін ел), Отпан,  Отын, Отыру, Отау, Оттық, Отырды  (етістік), Одақ, Бодан, Одағай, Қодар, Одан басқа. Еске ұста! Қазақта «Од» түбірімен осы бесеуінен басқа сөз жасалмайды. Демек, шамаң жетсе өз отыңды өзің жағып, бөлек жөніңе отырғаның дұрыс, ал Одақты Одағай дүние деп, ол бодандықтың жасырын (балама) атауы деп тұр. Қазақтың әйгілі эпосы «Қозы Көрпеш Баян Сұлудағы» Қодардың ролі Одақ пен Боданды Одағай дүние деп, одан басқаның бәрін жасаңдар дегенді білдіргені. Қайран аталарым, тарих жазсаң осылай жаз. Осыдан кейін сендерді қалайша Қаз би (Қас би) деп атамассың. Демек, ұлы аталарымыздың бізге ескертуі Кедендік одақ пен Еуро одақтың түбі жақсылыққа апармайды деп тұр. Себебі, күшті мен әлсіз, көп ел мен аз ел, бай ел мен кедей ел, мәдениеті жоғары ел мен мәдениеті төмен ел тең дәрежеде Одақ құра алмайды.  Оның үстіне Мәдениеті төмен ел көпшілік болса, мәдениетті елді бүлдіреді деп ескертіп отыр. Күні кешегі Кеңестер Одағы осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Қысқасы, алпыстағы дана қариядан алты жасар балаға айналасың.

6. Өт (Өд) – Өте, Өтен, Өткір, Өту, Өткел, Өтірік, Өткізу, Бөтен, Көтеру, Көде, Бөдене  т.т.

7. Ұт (Ұд) – Ұд пайғамбар, Ұт (Ұд) қауымы, Ұтыс, Ұтыр,  Ұту,  Ұтыр (ұтырын табу), Құт, Бұт, Жұт, Тұт ағашы, Ұдайы, Құдайы, Құдайке (Қу Адай Әке) т.т.

8. Үт (Үд) – Үтір, Күт, Күту, Күтпеу, Күтімі бар, Үдек суы (Маңғыстау), Үдере көшу т.т.

9. Ыт (Ыд) – Ытыр, Ытырылу, Зыту, Зытты, Сытылып шықты,  Шыт (мата), Уыт (уыты күшті), Ыдыс, Қыдыр ата, қыдыру, ыдырап кету т.т.

Тоғыз саны Адайдың тоғызыншы буын ұрпағы Тобыштардың сандық атауы. Қазақ шежіресіндегі Адам баласының зайыры тоғыз атаға дейін жетеді, тоғыздан кейін ыдырау басталады дейтіндері осыдан. Бүкіл әлемді билеген Қазақ қағандарының барлығының билігі тоғыз атаға дейін жеткен. Бәрінде де тоғызыншы ұрпақтан кейін ыдырап отырған. Аллатағала тоғыздан артық жаратпаған деп, ежелгі шежірелердің бәрінде айтылады. Әлемді билеген Қазақтың Алтын Ордасының ұлы қағаны Шыңғысханның да зайыры Тоғыз атадан кейін ыдыраған. Алтын Орданың ең соңғы ұлы билеушісі Тоқтамыс Жары да Шыңғыс қағанның тоғызыншы ұрпағы болатын. Қағанат екі жүз жылға жуық бүкіл әлемге билігін жүргізді. Ал Ебрей мен Орыстар құрған Евангелиеде айтылғандай «Жердегі Құдай патшалығы» (ұлтсыз, дінсіз, ел билігіне қолдарына қару алып қарсы шыққан қылмыскерлер құрған КСРО) бар-жоғы жетпіс жылда талқаны шығып, қайта оңалмастай болып күйреп, күлі көкке ұшты. Бір мемлекеттің орнына қайтадан он бес ұлттық мемлекет дүниеге келді. Қазақтың ежелгі Ата салты (заңы) қайта қалпына келді.

10. Іт (Ід) - Іт (бірінші буында жоқ), кейінгілерде Кітап (білім жинақтаушы), Бітір, Бітіру,  Бітісу, Тітіркену,  Ідіріс пайғамбар, Кідіру, Діттеген жерге жету, Киіт  т.т. Өздеріңіз көріп отырғандай Бір мен басталып Онмен аяқталады, яғни Адай(м) Атамен басталып, Мұңал Атамен аяқталады. Мұңалдардың Адай атаның қарашаңырағының иесі делінетінінің сыры осы. Он саны Мұңалдардың сандық атауы. Мұңалдың Қиян - Қиятынан шыққан әлем иесі  Шыңғысхан құрған  қағанаттың (империяның) Моңғол атанып жүргендерінің сыры осы. Шыңғыс қағанның Тоғыз шашақты туының болуы, қасында Тоғыз өрлік атанған тоғыз биі болатынының да сыры осы.

«Т» таңбасы бастауда тұрып тек қана 11 түбір сөз жасалады. Олар : Та, Тә, Те, Ти, То, Тө, Тү, Тұ, Ту, Ты, Ті.

11. Та - Ата, Тар, Тарқа (Тарих Аға), Тарих Ата, Тарих (болып өткен дүние енді ешқашан өзгермейді), Таз, Тараз, Таразы, Тақ, Таң, Тас, Таз, Тау, Татар (халық), тарақ, тарақты (ру), тары, тажал, тарғыл, там, тамыр,  тап, тапқыр т.т.

12. Тә - Тәз, Тәзіке (сөз түбірінде (өз түбінде) қазақтың Әз әкесі мен Әз әулиесі тұр), Тәж, Тәжі (түбірінде Әже тұр), Тәжен, Тәжік, Тәжрибе, өткен тарихтың тәлім, тәрбиесі, Тәуекел, Тәте, Тәсіл, Тәртіп, Тәлімгер т.т.

Түсініктеме:  Қазақтың хандары мен қағандары бастарына киетін тәждеріне Әжелерін есімін қойған болып тұр. Анаға деген бұдан асқан құрметтің болуы мүмкін бе?

13. Те - Тез, Тек (Ата тек), Теке (ру аты), Тер, Тері, Теріс, Теріскей, Терек, Темір, Темір-терсек, Темірқазық,  Тел, Телім, Теп, Тебу, Тес, Тесу т.т.

14. Ти – Тиді, тимеді, тиген, тимеген, титтей, тиек, тиын, тиме т.т.;

15. То - Тор, Торы, Торы ат (Таурат), Торығу, Томар, Тоқ, Тоқу, Тоқым, Тоба, Тобыш (ру аты), Тобыл (өзен), тоғыз, тоқсан, тоқсан тоғыз т.т. (Тобыштардың сандық атауы), топ, топырақ,  тоғай, тоқ, той (тойған адам ғана той жасай алады), тон т.т.;

Атам Қазақтың сөз жасау жүйесі осы бесінші буында тұрған осы ұғымдардың бәріне бес, яғни өте жақсы деген баға қойған.

16. Тө – Төр, Төре (Төр иесі), Төрт, Төрге шығу, Төрелік айту, Төбе, Төбеге шығу, Төс, Төсек, Төл, Төле, Төлесін т.т.

Түсініктеме: Бүгінгі Ата-тегін ешкім ажырата алмай жүрген Төрелердің тегі осы. Төрт саны Адайдың екі баласының кішісі Келімбердінің үлкен ұлы, яғни төртінші буын ұрпағы Құнанорыстардың  және осы Төрелердің сандық атауы.

17. Тү – түз, түзу жүру, түп, түп-түбірі, түр, Түрік (Түр жігі (руы)), түрен салу, түк, түгел, түн, түнек, түң, түңілу, түс, түс көру, түсік, түт, түтін, түтік, түмен,  түйе,  түйме,  түлеу т.т.

18. Тұ – Тұқ, Тұқым, Тұғыр, Тұз, Тұжырым, Тұқ, Тұқым, Тұр, Тұру, Тұрақ, Тұран, Тұрар, Тұрақ, Тұл, Тұлым, Тұм, Тұмар, Тұмса, Тұнжырау, Тұңғыш, Тұс, Тұсау, Тұт, Тұт ағашы, Тұлпар т.т.

19. Ту (жалау, Ту байлар, Туу (бала туу (көбею)) т.т.

20. Ты - Тың, Тыңдау, Тыныс, Тымақ, Тыз, Тыз ету, Тым болмаса, Тыс, Тысқары, Тырма, Тырна,  Тырнақтай, Тыр жалаңаш, Тышқан, Алты, Алтын т.т.

21. Ті  -  тік, тік тұру, тіке жүру, тікен, тіз, тізе, тіл, тілек, тірі, тірлік, тіреу, тіс, тіз, тізе, жеті, жетіге жетпеген жетім т.т.

Өздеріңіз көріп отырғандай, «Ат» пен басталып, «Іт» пен аяқталған Он аталық жүйені «Та» мен «Ті» деп кері қарай оқысақ мағыналары тағы да «Т» дан басталатын келесі буынның тарихынан толықтай мәлімет береді және ол сол бұрынғы Он ата күйінде қалады.

Ойымызды ары қарай жалғастырып, Т-ны (Атаны) басына, ортасына А-ны (Аданы, яғни бастауды) қойып сөз жасар болсақ, Қазақ Әліпбиінің 30 таңбасының тең жартысын ғана, яғни 50/50 пайызын құрайтын сөз жасалатынын көреміз:

1.Таб, 2. Тағ, 3.Таж, 4.Таз, 5.Тай, 6.Тақ, 7.Тал, 8.Там, 9.Тан, 10.Таң, 11.Тап, 12.Тар, 13.Тас, 14.Тат, 15.Тау.

Бәрін түгел талдап жатпай-ақ, тек қана бір мысал келтіре кетейін: Үшінші болып тұрған «Таж» деген түбірден тажалдан басқа сөз жасалмайды. Неге? Себебі, үшінші буын ұрпақ Нұқ пайғамбар заманында топан суда опат болған.

Тағы бір мысал:  Бүкіл әлем елдерінде «карта» деген ойын бар. Осы ойында «Тұз»-дың барлық картаға бас болып, бәрін басатыны осыдан.

Ежелде барлық дүние тоғыз санымен есептелген. Мысалы, бүгінгі қазақта тоғыз құмалақ (ойын), тоғыз-тоғызды қалыңмал (ұзатылған қызға берілетін дүние-мүліктің әр бірін тоғыз-тоғыздан жасап беру, тіпті мінетін аты тоғыз, артатын түйесі тоғыз болады).

Тоғыз айып (берілетін жазаның салмағына орай – бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз деп, оны тоғыз-тоғызға көтереді). Бір тоғыз-тоғыз бесті-бес жасар ат. Ал осы айып тоғыз-тоғызға барғанда «тоқал тоғыз» деп аталған. Бұл тоқсан ат.

«Тоғыз бие тарту ғып

Алдына алып барайық (340 бет).

…Жіберді тарту қылып тоғыз адам («Қамбар батыр» 344 бет).

«Тоғыз қабат торқаңнан – тоқташықтың терісі артық» деген мәтел де ертеден бері айтылып келеді.

«Өмірдегі болатын нәрселердің тоғыздан асатыны болмайды»,  деп данышпандар айтқан. (Әбілғазы «Түрік шежіресі»).

«Түрік халқында не нәрсені болса да, тоғызға апаратын әдет бар, құдайтағала одан артық жаратпаған» (Шарафутдин Иезди «Зафарнама»). Айтса айтқандай, Шыңғыс қаған негізін қалаған «Алтын Орданың» ең соңғы ұлы ханы Тоқтамыс Шыңғысханның тоғызыншы ұрпағы болып табылады.

«Т» таңбасы: Ұлт (ұл бала өсіп-өніп, көбейіп ұлтқа айналып тұр), жұт (Жуды елінің (Қазығұрт ежелде Жуды тауы деп аталған) малынан ештеңе қалмаған), сүт (судың ағарған ең сапалы түрі), сырт (іште ешкім қалмаған), жылт (көрінді де жоқ болды), өрт (бәрі жанып кеткен),  бұлт – бу жиналып бұлтқа айналған, Ноғайлы көбейіп, Ноғайтыға, Күн батып Түнге айналған  т. т. болып кете береді.

Қазақта «Жұрт - Ата жұрт», «Салт - Ата салты» деген сөз тіркестері бар. Басы Ата мен Ананы сыйлаудан басталып, арты әке мен шешені,  аға мен жеңгені және әрбір қазақ баласы өзінен үлкендердің бәрін сыйлаумен жалғасады. Мен қазақпын деген жанға бұл қағида өзгермеуге тиіс.

Ата салтымыздың шежірелік тарихы Адам Атадан басталып, Аға мен Ақиқаттың авторы бесінші буын Ақпандармен ағарып, туыстығы бөлінбейтін жетінші Ата Бұзау Жемнейлермен жетісіп, тоғызыншы буын Тобыштармен толысып, соңғы нүктесі қойылған Аталарымыздың салтқа айналған дәстүрі болып табылады.

Бұл бүгінгі тілмен айтқанда, Ата заң (Конституция) деп аталады. Бүгінгі Ата заңымыздың негізінде, тек қана біздің емес бүкіл әлем елдері заңдарының негізінде Қазақтың Ата салты жатыр. Айырмасы Қазақтың Ата салты 70 000 жылдан бері өзгермей келе жатса, бүгінгі заңдар азғана билеуші қалталы топтардың ыңғайына қарай күніне «мың құбылады».

Жұрт - Жу, Ұр деген екі біріккен сөзден және «Т» дыбысынан тұрады. Жу елі, Жуды тауы қазіргі Қазығұрттың (Қазық жұрттың) ежелгі атауы. Ал Ұр (Үр) – Тұран мен Түріктің түп атауы.  Соған сәйкес, Ер жігіттің үш жұрты бар. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты делінеді.

Түркі демекші, Түрік, Түркі, (Тұр жігі), Тұранның «тура, тура жол" деген де мағынасы бар.  Тураның тағы бір мағынасы оқ, оқтай түзу, әрі жылдам және тура жолдан таймайтын, шыншыл деген сөз. Сонда Тұран атауы турашыл, шыншылдар елі дегенді білдіреді.

Қозғаушы күші жебрейлер болған Кеңестік Қызыл үкімет ары да ұлы бабалар, бері де ұлы Шыңғыс қаған құрған алып мемлекетті (Түркістан) қайта қалпына келтіруге барынша жан салған Алашорда арыстарын түгелдей  қырғынға ұшыратты.  Бұрынғыша бүкіл түріктің басын қосып үлкен Түркістан мемлекетін қалпына келтіруге барынша жанталасқан Мұстафа Шоқай былай деп жазыпты: «Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан һәм Тәжікстан деп жат үкімет күшін алты жүмһүриетке бөліп тұрған Түркістан – бөлінбес, айрылмас бір өлке. Халқының қаны бір, тілі бір, діні бір». «...Түрік халқы – батыр халық. Түрік халқы – арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшманға ауызының аласы».

Тура осындай өсиетті бізге Қожаберген жырауда қалдырған:

«Алашқа жатқан алты елдің,

Түпкі атасы Тұраннан,

Жаңылмаңдар қазағым,

Алаш баба ұраннан».

Міне осы Тұранның түбірі "Ұран" болады. Иә,Иә! Кәдімгі Ән ұран дегеніміздегі Ұран, яғни  ежелгі қазақтардың рулық ұраны. Сол ұранның алдына "Т" таңбасы қойылып Тұран болып бүкіл әлемге тура жолды көрсетіп тұр.

Демек, "Т" дыбыс – таңбасының  негізгі сыры, оның тура жолды көрсететінде.

«Т» таңбасы Ман Атадан санағанда жетінші буын. Бұл жоғарыда айтқанымдай, алдыңғы жетінші буын Бұзау-Жеменейдің толып, толысуы. Астың атасын «Тұз» деп атайтынымыз осыдан. Бұз бен Тұздың түбірлес болатыны да осыдан.

Алып бидің (Әліппенің) ең басында тұрған А, Ад, Ада, Адай, Адам осы «Т» дыбыс-таңбасына жеткенде толып, толысып Ат, Ата, Атай, Атам болып шығады.

Әңгіменің қысқасы, «Т» таңбасының толып толысқан Аталар дегенді білдіретіні ежелгі Шығыс ғұламалары еңбектерінің бәрінде айқын жазылған.

Ұлы Жаратушы – Алланың тоқсан тоғыз есімі бар делінетінінің де сыры осы.

«Т» таңбасы атына заты сай «Аса таяқ» бейнесінде жасалған. Таяқтың үсті бейнелеп айтқанда жабылған. Бұл «Т»-ға жету дүниенің шегі, ары қарай аса алмайсың деген сөз.  Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.

Айрықша атап өтетін жағдай, бүткіл жер бетінде  «Т» таңбасының сырын толықтай аша алатын жалғыз ғана ілім бар. Ол Тарихат (Тарих Ата)  жолы, яғни Сопылық ілім» деп аталады. Ол ел арасында Ар ілімі, Хал ілімі, Хақ ілімі, Жан ілімі деп те атала береді. 360 әулиелі киелі Маңғыстаудағы ежелгі қорым құлпытастарындағы осы «Аса таяқ» бейнесінің көптеп кездесетіндерінің де сыры осы. Сопылық ілімді ұстанушылардың басты символы «Аса таяқ» болатыны да осыдан.

Қазақ  арасында таяқ (бір сызық) бейнесіндегі әліп, көсеу, бақан, жебе деп аталатын таңбаларды иемденетін руларға Қаңлы, Сиқым, Ысты, Ойық, Тана, Қызылқұрт, Қожа т.т. жатады. Екі таяқ бейнесін Қыпшақ, Тама, Керейіттер иемденсе, ұшы үшкір жебені Адай, тура «Т» ның өзін Жағалбайлы руы иемденеді, бірақ оны өздері балта деп атайды.

Қазақ Әліпбиінің соңғы отызыншы таңбасы «І»-мен белгіленіп, үстіне нүкте қойылған. Неге деген сұрақтың жауабын өздеріңізге қалдырдым.

Тағы қайталаймын, осы таңба алғашқы Ад қауымының толып, толысқан ұрпақтарын  - Адам атына (Атың Кім?), Аданы – Атаға, Адайды – Атайға, Адамды – Атамға (менің Атама) айналдырып тұр. Өздеріңіз көріп отырғандай, осы «Т» дыбыс таңбасы болмаса, АТА деген қасиетті ұғым дүниеге келмеген болар еді.

Ақиқатында, Атасын мойындамайтын бірде-бір ел жоқ. «Т» таңбасы ежелгі қазақта да, Латында да, Кирилде де (Латын Кирилде де) дәл осылай белгіленеді. Демек, бұл ежелде бүкіл әлем елдерінің тек қана бір тілде, яғни Қазақтың Ана тілінде сөйлегенін көрсетеді. Келешекте мұны бүкіл әлем елдері толықтай мойындайтын болады. Ол күн алыс емес.

Қалған 29 таңбаның сырын мына сілтемелерден оқи аласыз. (http://abai.kz/post/53374  және http://abai.kz/post/51832)

Сөзімнің соңында айтарым, қазіргі таңда латын әліпбиіне өту мәселесі, шындап қолға алынып отырғаны баршамызға белгілі. Қазақтың тіл мен тарих ғалымдары да, өзгелер де өз ойларын ортаға алуда. Алайда, бір өкініштісі солардың бірде-бірі әрбір дыбыс-таңбаның сырын ашып, қазақтың шежіре дерегіне сөйкестігін дәлелдеп,  дәйекті деректер келтіріп отырған жоқ.

Өтейін деп отырған дыбыс таңбаларымызды «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей қалай болса, солай белгілей салу ақыл-ойы толыспаған, білім деңгейі мектеп оқушысы деңгейінен аспаған,  Ұлы Аталарымыздың шежіре-тарихынан мақрұм қалған мәңгүрттердің ісі болмақ. Латын Әліпбиін ұсынып отырған Тіл мен Тарих ғылымы мамандары әрбір ұсынған таңбаларыңыздың сырын дәл осылай дәлелдеп берулеріңізді және оны халық талқысына салуларыңызды ұсынамын!

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

Abai.kz

 

 

 

122 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303