Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6333 3 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 09:05

Онысымен қоймай шоқындырып жатыр

Осыдан бес алты жыл бұрын шекеме үлкен түйін шығып, жұмыстағы бір əріптесім қоярда қоймай емші орыс кемпірге жетелеп апарды.
Айтуынша түйін сүйел, ісіктің барлығын суф-суфпен жазып жібереді екен.

Өмірімде бақсы тəуіпке сеніп көрмеген басым, ота арқылы алдыртамын - деп əлгі емшіге барғым келмей біраз қарсы болдым.

- Пышаққа түсіп қайтесің? Ертең шекеңде тыртық қалып қояды. Сол кемпір менің баламның шығып кеткен кіндігін үш күннің ішінде жоқ қылып жіберген.
Ұнамаса кері қайтасың ғой, - дегесін құлықсыз ғана еріп бардым.

Емдеушім еңкіш тартқан, пəкене бойлы орыс кемпір екен.

Жылы қарсы алды. Келген жағдайымызды айттық.

Түпкірдегі бөлмеге алып кіріп, төрдегі кереуетке шалқамнан жатқызып қойды.
Əлден уақытта стакандағы суға "Исус христус" деп бір нəрселерді оқыды да, төбемнен төніп тұрып шалқалап жатқан маған қолымен ауада крестик істеп тастады. Мұнша қорқпаспын.

Исусы несі.? Онысымен қоймай шоқындырып жатыр.

Ішімнен тілімді кəлимаға келтіріп, фатиха сүресін оқып үлгеріп жатырмын.
Крестик жасап тұрған емдеушім əлденені сезгендей "Тоқтат" болмаса емдемеймін деп жатыр.

Ішімнен құран оқып жатқанымды сезіп қойыпты. "Қолым қалтырап кетті" деп қояды.

Шамасы оның емі мен фатиха сүресі бір-біріне қарама қайшылық тудырған болуы керек. Ол жағы жұмбақ. Əйтеуір емдеуден үзілді-кесілді бас тартты. Тіпті ұсынған ақшамды да алған жоқ.

Салтанат Абылбекова

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357