Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8363 5 пікір 12 Шілде, 2017 сағат 14:13

Қазақ қыздарын бір-бірімен итше төбелестіріп, содан ақша тауып жүр

Жиенімнің мәшинесіне жолдан бір қыз отырды. Содан естідім, Алматыда қыздардың жекпе-жегін өткізеді екен. Өзі жақында ғана Талдықорғандағы жабық жерде өткен жекпе-жекке қатысып, біраз ақша ұтып алыпты. Оның алдында Алматыда ұйымдастырылған тағы біреуіне барып, тараздық қызды жеңіп қайтыпты.

Түрі соншалықты «жынды» қызға ұқсамайды. Кейін әңгімелесе келе, мінезді қыз екені біліне бастады. Жекпе-жекке екі рет қатысып, екеуінде де өзі сияқты қазақ қыздарымен шығыпты. Соған қарағанда, қазақ қыздарын енді бір-бірімен төбелестіріп, біреулер содан ақша таба бастаған секілді.

«Ондайды телебізірден көрсетпейді. Бірақ Алматыда постоянно өтіп тұрады. Төбелесетіндердің тоқсан бес проценті қазақ қыздары. Енді, біреулер ақшаны жеңіл жүріспен табады, біреулер осылай төбелесіп жүріп табады. Біз сияқтыларға басқа вариант жоқ қой» деп мұнайып қояды.

Жиенімнің де мінезі шатақ. Әлгі сөзді естігенде, қатты ашуланып кеткенін байқадым. Қызға емес, қазақ қыздарын бір-бірімен итше төбелестіріп, содан ақша тауып жүргендерге ашуланып отырды. Біраз жерге дейін үндемей келдік те, өзін Альбина деп атаған әлгі қарындасты айтқан жеріне дейін тегін жеткізіп тастап, үйге қайттық. Жазғым келмеп еді, бірақ бұл сұмдықты барша халық білсін деп жаздым...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394