Сенбі, 23 Қараша 2024
4105 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:43

Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы екі есеге артты

Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы екі есеге ұлғайды, деп мәлімдеді Тәжікстан сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Шариф Саид.

Душанбеде өткен баспасөз конференциясында белгілі болғандай, 2017 жылы қаңтар мен мамыр аралығында Тәжікстан Өзбекстанға 20 млн доллардың тауары мен ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаған. Өзбекстаннан Тәжікстанға шамамен 25 млн доллардың тауары шығарылған. Көрші ел Тәжікстанды астық, тыңайтқыш, ауыл шаруашылық техникасы және құрал-хабдықтармен қамтамасыз еткен.

Шариф Саидтың айтуынша, биылғы бес айдың ресми статистикасы әлі дайын емес, бірақ Сауда-өнеркәсіп палатасының есептеуі бойынша, ол 46 млн доллардан асқан. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп.

Бұған дейін екі елдің үкімет мүшелерінің Душанбедегі кездесуінде соңғы бір жылда тауар айналымы 5,7 есеге артқаны хабарланды. Өзбекстан вице-премьері Ұлықбек Розиқұловтың мәлімдеуінше, көрме-жәрмеңкенің өзінде 50 млн доллардың келісім-шарттарына қол қойылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409