Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4847 0 пікір 17 Шілде, 2017 сағат 10:09

Алты араб елі футболдан әлем чемпионатын Катардан ауыстыруды талап етті

Халықаралық футбол федерациясының президенті (ФИФА) Джанни Инфантиноның мәлімдеуінше, Сауд Арабиясы, Йемен, Мавритания, БАӘ, Бахрейн және Египет 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатын ауыстыруды талап еткен. Аталған мемлекеттер Катарды "терроризмді жақтайтын ел" деп есептейді, сол себепті әлем чемпионатына жиналатын жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын емес.

Алты араб елі талаптары орындалмаған жағдайда, әлем чемпионатына бойкот жариялауы мүмкін.

Инфантиноның айтуынша, олар ұйымға мүше елдер арасында турнирді ауыстыру бойынша сауалнама жүргізуді көздеп отыр.

5 маусымла Сауд Арабиясы, Египет, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірлігі Катармен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты үзді. Олар Доханы араб елдеріндегі саяси жағдайды шиеленістірді, терроризмді қолдады деп айыптады. Бұл бойкотқа кейін Йемен, Ливия, Мальдив, Маврикий, Мавритания, Комор Аралдары Одағы қосылды. Катар билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, мұндай қадамды әмірлік егемендігіне қол сұғушылық деп бағалады.

Катар әлем чемпионатын өткізу құқығына 2010 жылы 2 желтоқсанда ие болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1242
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2768
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 895
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 843