Жұма, 15 Мамыр 2026
4396 0 пікір 17 Шілде, 2017 сағат 10:15

Қырғызстан мен Өзбекстан Ыстықкөлге қосымша әуе рейстерін ашады

Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметтері "Ыстықкөл" әуежайына қатынайтын жаңа әуе рейстерін ашу мәселесін талқылады. Бұл туралы Қырғызстанның көлік министрлігі хабарлады.

Ташкентте өткен жиында тараптар екі ел арасындағы әуе рейстерін көбейту мәселесін қозғаған.

Бұған қоса, Қырғызстан мен Өзбекстан әуежайлары арасында тәжірибе алмасу, инфрақұрылымды дамыту және басқа да мәселелер қаралған.

4 шілдеде "Ыстықкөл" халықаралық әуежайына "Ташкент-Тамчы" бағытындағы алғашқы ұшақ келіп қонды. Uzbekistan Airways компаниясына қарасты “Боинга 757-200“ ұшағында 190 жолаушы болған, олардың көбісі - туристер.

Өзбекстаннан Ыстықкөлге ұшақтар тамыз айының соңына дейін сейсенбі күндері ұшады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2763
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1877