Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10462 8 пікір 24 Шілде, 2017 сағат 10:39

Қазаққа кім дос? Қытай ма? Ресей ме?

Қазаққа кім дос? Қытай ма? Ресей ме? Жоқ әлде, АҚШ па? Бірде біреуі дос емес. Державалар ешкімге ешқашан дос болмайды, шынайы қолдамайды. Оларда тек қана мүдде бар. АҚШ өз мүддесі үшін мыңдаған жанды Таяу Шығыс пен Африкада, Ресей Украина мен Кавказда, Қытай өз ішінде және оңтүстік Азияда қырып жатыр. Қыра да береді.

Олардың мүддесі біздің аймақта артқанда және оған жету жолында кедергі пайда болғанда, бізді де оп-оңай құрбандыққа шала салады. Адам құқығы, халықаралық заңдар, санкция, вето, экспансия деген сөздер ұлы державалар жақсы көретін терминдер, өкініштісі ол терминдер өздеріне жүрмейді. Өзгенің төбесінен ұрып қалу үшін қолданылатын қаруларының бір түрі ғана. Біреу-міреу басып кіруі екіталай. Алайда...

Қазақтың жерін Ресей отарлауынан АҚШ қорғай ма? Қытай басып кірсе, Ресей қорғай ма? Әлде АҚШ алда-жалда әскери операция жүргізсе, Қытай қорғай ма? Жоқ! Атасының басы. Үшеуі миығынан күліп, Вьетнам мен Ауғанстандағы, Корей түбегі мен Сириядағы, Ирак пен Йемендегі, Ливия мен Сомалидегі үйреншікті ойындарын жүргізе береді. Бетперде киеді де, бірі үкімет, бірі көтерілісші, бірі лаңкес рөлін сомдай жөнеледі. Мыңдаған шаңырақты ортасына түсіріп, жүздеген мың өлікті артына қалдырады да, келесі аймаққа ығысады. Олардың ойын ережесі сондай.

Олар миллиардтарды қанап күн кешеді. Жалпы тарих заңы сол ғой. Империялар құлдардың әсерінен туындаған, демек державалар да сол ізбен жүреді. Тек форматын өзгертеді.

Ендеше қазақты не сақтап қалмақ? Ұлттық бірлік, татулық, сана мен намыс. Қалғаны бос сөз. Ертең еліміздің бір төңірегінде бөтеннің танкісі көрінсе, туыс көретін өзге түркі халықтары да көмекке келе қоймас. Сондықтан бейқам жатпау керек. Ұлтымызды ұйыстыратын шараларды, саясатты арттырған жөн! Бөлінушілікке жасалған кез келген қадамды заңмен шектеу міндет!

Асхат Хасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394