Түркия Ресейден С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алды
Ресей мен Түркия 25 шілдеде С-400 зениттік зымыран кешенін сатып алу жөнінде қол қойған. Бұл жөнінде Түркия президенті Режеп Ердоған мәлімдеді. "Келісімге қол қойылды. Егер Алла қайыр берсе, біз С-400 зымыранын көретін боламыз", – деп жауап берді Трамп парламентте депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.
Шілде айының ортасында Bloomberg агенттігі келісім құны 2,5 млрд долларды құрайды деп мәлімдеген. Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қызметтің төрағасы Дмитрий Шугаев өткен аптада "МАКС" әуесалонында Мәскеу мен Анкара С-400 зымыранын жеткізу барысында келісім болғанын атап өтті.
Пентагон өткен аптада Түркияға егер ресейлік С-400 зымыранын жеткізу жөнінде келісім болса, техникалық проблема болуы мүмкіндігін есткерткен. АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис НАТО жүйесі ресейлік техникамен ешқашан сәйкес келмейтінін мәлімдеген.
Ердоған бұған жауап ретінде НАТО-ға кіретін Грекия бұрыннан бері ресейлік ЗРК С-300 зымыранын қолданады әрі ешқашан проблема болып көрген емес деді.
Abai.kz