Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5680 2 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 09:35

Молаларға тіл бітсе не дер еді?

Молаларға тіл бітсе не дер еді? Қытай Балқашқа дейінгі жер біздікі дейді, Ресей тіпті күллі Қазақстанды өз жері санайды, өзбектің кей тарихшысы Шымкентке дейін біздің өлке деп көкіп жүр. Сондай сәтте обаларға тіл бітсе ақиқаттың беті ашылар еді. Кімнің жері екенін қорымда жатқан мүрде білмесе, міңгірлеген саясаткердің білмесі анық.

Балқашқа дейін Қытайдың жері болса, шүршіттің моласы неге жоқ? Көп аймақ Ресейдің жері болса, орыстың молалары неге ХІХ ғасырдан, яғни отарлау кезеңінен ғана бастау алады? Өзбектің қорымы да дәл солай. Өйткені бұл жер тек қазақтікі болған. Мыңдаған жылдар бойы тұрған қорымдар соның куәсі. Қазақтың қорымдары Қытайдағы Алтай өлкесінде, Ресейдегі Орынбор, Омбы мен Томбысында, өзбектің Ташкентінде жетерлік. Бұл аталмыш аймақтың қазаққа тиесілі болғандығының бұлтартпас айғағы. Бірақ өзгеде кеткен жерді даулап жатқан біз жоқ. "Өнбейтін дауды өспейтін ел (ер) қуалайды" дедік те қойдық. Бірақ басқалар жалғанның шоғын үрлеп, отын жағуда.Сондықтан өзгеде кеткен мекенді қайтармасақ та, меселімізді түсірмеу үшін шындықты жас ұрпаққа айтқан дұрыс.

Алтай да - алаштың жері, Ташкент - Төле би жатқан қазақтың елі, Орынбор өз орнымыз деп үйретсек, жас ұрпақ бөгденің бықсытатын өтірік өсегіне, саяси қақпанына түсе қоймас. Әйтпесе қазақтың жеріне көз тастайтын шибөрілер көбеюде.

Асхат Хасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5304