Жұма, 22 Қараша 2024
4876 1 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 09:57

Ашхабадта миллион долларды картаға тіккен құмар ойыншылар ұсталды

Түркіменстан астанасында миллион долларға дейін картаға тіккен құмар ойыншылар ұсталды, олардың арасында түркімен дипломаттары да бар, деп хабарлады Азаттық радиосына екі түрлі дереккөз.

Олар берген ақпаратқа қарағанда, өткен аптада Мир-4 шағын ауданының тұрғындары тұрғын үйлердің бірінен шыққан шуды басу үшін полиция шақыртқан. Ойыншылар полиция қызметкерлеріне пәтер есігін ашпаған соң, шұғыл әрекет етуші топ оны бұзып кірген.

Азаттық радиосына құпия түрде хабарлаған полиция қызметкерінің айтуынша, пәтерде 20 шақты адам болған, олардың ішінде үш әйел бар. Карта ойынына шамамен бір миллион доллар тігілген.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, құмар ойыншылар арасында Түркіменстанның шетелдердегі дипломатиялық қызметінің өкілдері болған. Хабарларға қарағанда, оқиға орнына Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері де барған. Олар хаттама толтырмастан, "қалғандарымен өзіміз айналысамыз" деген ауызша жауаппен полиция қызметкерлерін қайтарып жіберген.

Бірқатар деректерге қарағанда, ұсталғандардың дені, солардың ішінде дипломаттар қамаудан босатылған, бірақ кейбір жоғары лауазымды шенеуніктердің істері сотқа жолданады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303