Катарға бойкот жариялаған елдер екі жағдайда диалог жасауға дайын екенін мәлімдеді
Катарға бойкот жариялаған төрт араб елі төтенше жағдай кезінде азаматтарына әуе дәлізін қолдануға рұқсат береді. Жексенбі күні жергілікті телеарна арқылы 1 тамыздан бастап Катар үшін 9 дәліз, оның ішінде Жерорта теңізі үстіндегі халықаралық дәліз де ашылатынын хабарлады.
30 шілдеде Сауд Арабия, Бахрейн, Египет және Біріккен Араб әмірлігі Катар терроризмді қаржыландыруды тоқтататын болса және көршілердің ішкі істеріне араласпайтын болса, диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеген. Катармен шиеленіс мәселесін төрт елдің сыртқы істер министрлері Бахрейн астанасы Манамада талқылаған.
5 шілдеден бастап аталған төрт мемлекет Катарды террористерді қаржыландырады деп айыптап, барлық қарым-қатынасты тоқтатқан. Олар Катарға Иранмен байланысты үзіп, "Әл-Жазира" телеканалын қаржыландыруды тоқтатуды талап еткен.
Abai.kz