Жұма, 22 Қараша 2024
5741 0 пікір 1 Тамыз, 2017 сағат 10:46

Ғабит Мүсірепов қорына 15 жыл

Жақында Алматы қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы халықтық музыкалық аспаптар музейінде Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың 15 жылдығы аталып өтті.

Кешті Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қорды құрушы әм күні бүгінге дейін тізгінін ұстап келе жатқан қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей жүргізіп отырды.

Халық ақыны Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялылары қордың жұмысы, Ғабит Мүсіреповтің тіршіліктегі ағалық пейілі жайлы естеліктерін айтып, ақжарма тілектерін ақтарды.

"Қордың 15 жылдығы құтты болсын! Ғабеңдей азаматтың атын иемденіп жүрген қордың жұмысы ілгері баса берсін. Қор Ғабит Мүсірепов атында болған соң, мен Ғабеңнің көзін көрген адам ретінде бір ауыз естелік айтайын. Ғабең тіршілігінде таза адам еді. Мені өзінің ұлындай көрді, батасын берді. Азаматтық ұстанымы нық адам еді. Алағай да бұлағай заманда "Бейімбет жау болса, мен де жаумын!" деу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік. Ғабең сол ерлікті көрсетті. Сонысымен де үлгі", - деді ақын Мұхтар Шаханов..

(Қор басшысы Ғабиден Жәкейдің кешті ресми түрде ашу сәті)

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320