Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4156 0 пікір 1 Тамыз, 2017 сағат 11:32

Halyk Bank және Qazkom банктерін біріктіру процессі жалғасып жатыр

Halyk Bank және Qazkom өз бөлшек клиенттеріне барынша ыңғайлы болу үшін жүйелерді және өнімдерді біріктіру үдерісін жалғастыруда: 1 тамыздан бастап Halyk Bank  және Altyn Bank клиенттері үшін Qazkom cash-in функциясы бар банкоматтарынан төлем карталарын теңге және АҚШ доллары бойынша толықтыру жаңа қызметі пайда болды, Halyk Bank және Altyn Bank картасын ұстаушылары үшін төлем карталарын толықтыру сәтінде комиссиялар алынбайды. Енді Halyk Bank және Altyn Bank клиенттері Halyk+Qazkom банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан өз карталық шотын толықтыруда ешқандай айырмашылық көрмейді.

2017 жылғы 1 шілдеде Halyk Bank cash-in функциясы бар 559 банкомат орнатса, Qazkom қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар 465 құрылғыны орнатты. Бүкіл Қазақстан бойынша Qazkom+Halyk бірыңғай банкоматтар желісінің құрылғылар саны 4659 қамтиды және еліміздегі әрбір екінші банкомат - Halyk+Qazkom желісі болып табылады.

2017 жылғы 1 шілдедегі көрсеткіштер бойынша Halyk Bank және Altyn Bank шығарған карталар саны – 6 млн төлем карталарынан асты.

Тамыз бойы іске асырылып Halyk Bank cash-in функциясы бар банкоматтар бойынша Qazkom клиенттеріне де осындай ұсыныстардың жасалуы күтілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320