Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 5531 2 пікір 4 Тамыз, 2017 сағат 07:50

Жезөкше студенттер, Білім министрлігі және Илон Маск

Студент қыздардың жезөкшелікпен айналысып жүргені әлеуметтік жағдайдың төмендігі әрі тәрбиенің жоқтығымен қоса білім саласының төмендігін де білдіреді. Біздің жоғары оқу орындарының базасы ескірген. Қазіргі ЖОО-лар студенттерге осыдан 15-20 жыл бұрынғы оқулықтар мен бағдарламаларды ұсына береді. Мектепте жүргенде озат болған студенттердің университеттерден күткен білімі мен қазіргі үйреніп жатқаны сәйкес келмей, көп нәрседен көңілі қала бастайды.

Жоғары оқу орындарынан  іздегенін таппаған кейбір студенттер стипендиядан қағылады, содан ақырындап Инстаграм сияқты желілерді шарлап, бүгінгі жастардың тілімен айтқанда, "тусаларға" араласа бастайды. Алғашында жай кездесуге, киноға, кофеханаға шығып жүрген кейбір қыздар ақырындап клубтарға кіреді.  "Чайкалық өнерін" меңгеріп, пайданы көздейтін деңгейге көтеріледі.

Алайда, қыздардың ар-намысы жоқ, тексіз, тәрбиесіз деп "тупо" кінәлай бермей, мәселенің түбіне үңілейік. Елімізде 100-ден аса ЖОО бар.Әр универден 1-2% чайка, жезөкше, тусақұмар қыз шыққанда,  1 оқу орнының қыздарындай қыз жаман жолға түсіп кеткен деп шамалауға болады. Олардың көбі шет елдіктермен "көңіл көтереді". Демек,әлі де ар-намысы бар деген сөз. Бетімен кеткендері болса, қазақстандықтарға да қызмет көрсетіп кетер еді. Танып қояр, біліп қояр деген қорқыныш пен күмәннің ар жағында болашаққа деген үміт бар.

Осы арада 2 министрліктің шаруасына ұсыныс айтқым келіп тұр:

1) Ішкі істер министрлігінің жергілікті бөлімшелері оларды жезөкшелікпен айналысады, айналысқан деп тізімге алып қоя салмай, ары қарай жеңіл жүріске салынғандардың ізін бағып, қадағалап, келесіде бұл жолға түспеуінің алдын алса деген ұсыныс-тілек бар.

2) Тағы да сол Білім және ғылым министрлігі... Жақында ғана Илон Маск Америкадағы математика пәнінің оқыту методикасын сынап, прожектке бағдарлау тәсілімен оқытуды ұсынды. Илекеңнің айтуы бойынша, мектеп оқушылары түкке қажет емес, яғни өмірде пайдасы тимейтін формулалар мен ережелерді жаттай бермей, үйренген математикалық білімі негізінде оқушылар прожект (жоба) жасауды үйренсе, қоғамға да, оқушының өзіне де, білім-ғылым саласына да пайдасы мол шаруа болар еді дейді.

Біздің мектептерді қоя тұрғанда, мұндай әдіснама ЖОО-ларда да қолданылмайды ғой. Бір ақсақал лектор келіп алып, 2 сағат лекцияда өзінің өмірбаянын айтады, келесі лекцияда Мәскеуде оқығанын және оның институтында қандай профессорлар сабақ бергенін баяндайды, келесі лекцияда Қазақстандағы білімнің құрып қалғанын сынап жүргенде, не үйренгеніңді емес, әуелі пәннің атын ұмытып қаласың. Біздегі білім мен ғылым -сылдыр су, ішінен іліп алып, практикада қолданып, дереу жұмысқа тұрып кету немесе нәпақа тауып, адам болып кету өте қиын. Сондықтан Білім және ғылым министрлігіндегі мыңдаған қызметкерлерге айтарым, білім беру саласындағы соңғы тенденцияларды оқып, құрығанда Қазақстандағы 30-40% университетке енгізіңіздер. Дуалды білім беру деген жақсы басталып еді, оның да арты сұйылып, жай есеп беруден аспай қалды.

Барлық мәселені үйдегі тәрбие мен әлемдік глобализацияға тіреп қоймай, локал деңгейдегі мәселелерді де талқылаған жөн болар деп ойлаймын.

Нұрлан Жанай

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366