Өзбекстан мен Қытай бірлесіп ойыншықтар жасап шығармақ
Өзбекстанның еркін экономикалық аймағының бірінде ойыншықтар шығаратын қытай-өзбек бірлескен кәсіпорны пайда болады. Қытай тарапынан Shandong Sanhe Toy компаниясы қаржы құяды деп мәлімдеді Өзбекстанның инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметі.
Инвестиция жөніндегі комитеттің төраға орынбасары Лазиза Кудратова мен Shandong Sanhe Toy компаниясының басшысы Сонг Чжинюан аталған жобаны жүзеге асыру және сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту барысын талқылаған.
Өзбек тарапы қытай өндірушілерімен жұмыс істеу тек қаржылай жағынан ғана емес, заманауи технологияны тарту тұрғысынан да тиімді екенін айтады.
Shandong Sanhe Toy компаниясы 2005 жылы құрылған. АҚШ, Канада және Еуропалық одақ елдеріне мақпал мен электрондық ойыншықтарды экспорттайды.
Abai.kz