Қымбат Қалауова. Орыстар Қазақстанның рухани тәуелсіздігіне қарсы шықты
Өткен аптадағы Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «ерте ме, кеш пе Қазақстан латын әліпбиіне көшеді» деген мәлімдемесі еліміздегі орыс ұйымдарының наразылығын тудырып отыр. Дүйсенбі күні «Лад» славян қозғалысы мен «Союз казаков Степного края» деген ұйымдар «Латындану - сыртқы саяси парадигманың күрт өзгеруі» деген арнайы мәлімдеме қабылдады.
Өздерінің үшбу мәлімдемелерінде орыс белсенділері мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы тек Ресей мен отарлық мәдениетке тәуелді екенін айта келіп, көптеген мәселелерге, оның ішінде латын әліпбиі мен мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты үрейі мен күңкілдерін жеткізуге тырысыпты. Мәлімдемеде шын мәніндегі шовинистік, басқа ұлттар мен мәдениетті қорлайтын тұстар да жоқ емес. Мысалы, «Будучи - чисто по-холопски - не благодарными тысячелетней российской культуре, взрастившей их, они готовы по-живому рвать исторические, духовные и культурно-коммуникационные связи с великим соседом - Россией» - деген сөздерді басқаша түсіну қиын. Олардың түсінігінде қазақ мәдениеті, өркениеті тек қана «ұлы орыс мәтушканың» арқасында ғана өсіп-өркендеп келеді екен!

Орыс шовинизміне етіміз үйренген болар. Орыстың еліміздегі шолақ белсенділері әлі де болса Кеңес Одағын аңсап, әлі де болса сол кеңістікте өмір сүріп келе жатқандай әсер етеді. Қазақстанның өз тәуелсіздігін дамытуға, рухани құлдықтан, отарлық санадан шығуға бағытталған әрбір қадамды, сөзді өздеріне, арттарында тұрған Ресейге қарсы жасалған шара деп түсінеді. Латындануды ресейшіл күштер «Ресейден алыстауға бағышталған саяси қадам» деп түсініп отыр. Бұның соңы сөзсіз «сыртқы саяси басымдықтардың ауысуына алып келеді» деп отыр «ладтықтар» мен казактар.
Мәлімдемелерін орыс ұйымдарының басшылары былай деп аяқтапты: «Но, какими бы мотивами не руководствовался министр Кул-Мухаммед, поднимая изрядно надоевшие простым казахстанцам вопросы о продвижении государственного языка и замены кириллицы на латиницу, объективно его заявления вступают в грубое противоречие с нормами действующей Конституции РК и способствуют этническому размежеванию в республике. Более того, мы рассматриваем подобные шаги как целенаправленное психологическое давление на русскую часть населения республики и создание искусственного напряжения и тревоги в этом сегменте казахстанского общества».
Бұлардікі, әрине, түсінікті. Бұл мәлімдемені шовинистік күштер қазақ билігіне сес көрсету мақсатында жазып отыр. Бұл - Кремльге, Ресейдің саяси күштеріне жазылған «домалақ арыз». Ал қазағымыз неғып қалғып-мүлгіп отыр? О заманда бұ заман биліктің білдей өкілі ұлтқа қажетті сөз айтып еді әншейінде аузы аттаннан босамайтын қазақ жұртшылығы тым-тырыс! Қазақ үшін, ұлт үшін тоңазатқышындағы соңғы жұмыртқасын жауына жұмсауға дайын әсіре батыл күштеріміз қайда? Қазақ ұлтшылдары қайда? Зиялы қауымы қайда? Осы латын әліпбиіне көшуге бірден бір мүдделі жазушылар ұйымдары, тіл мамандары, баспагерлердің бірлестіктері қайда? Неге осы жағдайды пайдаланып, аузынан шыққан сөзді іліп әкетіп, биліктен осындай қадамның «ерте-кеш» емес, дәл осы бүгіннен бастап іске асыруды талап етпеске? Неге жалпақ сөзді жалынды ұранға айналдырмасқа?
Тағы бір ащы шындық - қазақ қауымы белсенділігінен айрылып келеді. Үлкен саяси маңызы бар мәселелер бойынша ұлттық косенсус қалыптаспаған. Мына латын әліпбиіне қатысты мәселенің өзіне сан-алуан көзқарас бар. «Ұлттық бірлік», «қазақ бірлігі» деген ұғымдар бар да, нақты саясат, нақты іс-қимыл атымен жоқ. Бұл түрімізбен қалай ұлт боламыз? Ұлттық мемлекетті қалай құрмақпыз? Тәуелсіздігімізді қалай баянды етеміз? Ойланайық. Бүгін, дәл қазір ойланайық! Ертең мүлдем кеш болып кетуі ықтимал...
Алашшыл болайық, абай болайық!
«Абай-ақпарат»