Бейсенбі, 8 Қазан 2026
4224 0 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 09:12

Түркімен президенті шетелдік білімі барларды жұмысқа тұрғызуды тапсырды

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 4 тамыздағы үкімет отырысында жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясын жасақтауды тапсырды.

28 мамырда Түркіменстанның ресми баспасөзі шетелде білім алғандардың дипломын растаудың жаңа ережесі бекітілгенін хабарлады. Мемлекет басшысы білім министрлігіне шетелдік жоғарғы оқу орындарының дипломдарын жарамды деп тануды тапсырған.

Түркіменстан азаматтары жоғары білімді негізінен шетелде алады.

Соңғы жылдары республикада дипломдарды жарамды деп танудың тәртібі бірнеше мәрте өзгерді. 2015 жылғы президент қаулысына сәйкес, күндізгі бөлімде білім алғандардың дипломдары ғана жарамды деп танылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 903
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1197