Дидар Амантай. «Қарқаралы басында»
Қара күздің соңы – қараша айында, қазақтың белгілі жазушысы, қара сөздің шебері, кинодраматург Дидар Амантайдың “Қарқаралы басында” атты проза кітабы жарық көріп отыр.
Аталмыш кітапқа “Гүлдер мен кітаптар” романы, “Мен сізді сағынып жүрмін” повесі, сонымен қатар, он жеті новелладан тұратын “Post Scriptum” әңгімелер жинағы және өз алдына дербес, әртүрлі тақырыпта жазылған жиырма әңгіме түгел енді.
Одан басқа, кітаптың “Қосымшалар” бөлімінде әр жылдары орыс тілінде жазылған философиялық эсселері мен төрт ақ өлеңі топтастырылған. “Гүлдер мен кітаптар” романы туралы Герольд Бельгер (орысша) мен Әлия Бөпежанованың (қазақша) сын мақалаларын да осы кітаптың сол бөлімінен табуға болады.
Мемлекеттік “Дарын” сыйлығының лауреаты, “Тарлан-Үміт” сыйлығының сахибы Дидар Амантайдың бұл кітабы – бес томдық шығармалар жинағының алғашқы томы. Автор алдағы бес жыл бойы шығармаларын әр жылда бір-бір томнан шығарып отыруды өзіне мақсат тұтып отыр.
Тағы бір айта кетер жайт - ұлы замандасымыз, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің келер жылы Дидардың бір роман, бір повесть және он бес әңгімесінен құралған шет тіліндегі (французша) алғашқы кітабын Париж қаласында жарыққа шығару ойы бар екендігі.

Қазір Үрімші қаласында Әкімбай Жапарұлының тікелей араласуымен ҚХР Шынжаң “Жастар-өрендер” баспасы Дидар Амантайдың “Гүлдер мен кітаптар” романы мен “Мен сізді сағынып жүрмін” повесін біріктіріп, бір кітап есебінде шығаруды қолға алып жатыр.
Бүгінгі күні елге белгілі аудармашы Қайша Тәбәрікқызы Дидар шығармаларын қытай тіліне аудара бастады.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылмақ кітаптың, сонымен қатар, қазіргі таңда орыс, неміс, түрік, араб, ағылшын және кәріс тілдеріне тәржімәланып жатқанын айта кеткен жөн.
Проза, кинематография және көсемсөз жанрын қатар ұстанған Дидар Амантайдың бұл кітабы, бір тараптан, қаламгердің оқырман қауым алдындағы есебі тәрізді екені рас. Әлем әдебиетіндегі сонарлап келе жатқан жаңа ағым-бағыттар, жалпы, прозаның тағдыр-талайы, түрлі ұлт прозасындағы қалыптасқан машық, кезеңдік жазу мәнерлері мен сюжеттік желі, тәсіл және атомосфера, бәрі-бәрі кітаптың тұсаукесерінде сөз болмақ.
Кітаптың таныстырылымы 23 қараша күні Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясының «Кино алаңы» мәжіліс залында сағат 15.00 де өтеді.
Ұйымдастыру комитеті