Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4041 7 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 13:39

«Атамекен» - ел мерейін асырар маңызды жоба

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалы мақаласында жазылған маңызды бағыттар бойынша Астана қаласында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Рухани жаңғыру» бағдараламасы аясындағы «Атамекен» бағыты бойынша Елордада жақын уақыттары 100-ге жуық ауқымды іс-шараны іске асыру ойластырылған. Оның ішінде «Жергілікті бастамалар картасы», «Жомарт жүрек» сынды жобалар бар.

Аталған жобалар аясында қайырымдылық, гуманитарлық, ізгілікті акциялар көбейеді деп күтілуде. Елордада қазіргі таңда 57 ірі кәсіпкердің басын қосқан меценаттар клубы құрылады. Бұл демеушілер қаладағы маңызды инфрақұрылым жобалары, мектеп, бала-бақша, аурухана, емхана, спорт алаңдарын салуға қолдау көрсететін болады. Қазірдің өзінде кәсіпкерлер бұл жобаға үлкен қызығушылық танытуда. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» ұғымы аясында кәсіпкерлер тарапынан да қайырымдылық шаралары жүргізілуде. Игілікті істі өзгелерге үлгі ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қайырымдылық шаралары тұрақты түрде жарнамалануда.

Сондай-ақ, Елордада туыған әрбір нәрестеге ата-аналарының көшет отырғызу үрдісі қолға алынады. Қоршаған ортаны қорғау, үлкендерге құрмет көрсету бағытында көптеген акциялар, іс-шаралар өткізілетін болады.

Атақты ұстаз әл-Фараби «Қайырымды қала» трактатында әрбір адам басқа адамның өмір сүруіне қолұшын беретін, адамдарды біріктіру арқылы өз табиғатына сай келетін дәрежеге ие болатынын айтып кеткен.  Әлемнің екінші ұстазы айтқандай, Астананы қайырымды, мейірімді қалаға айналдыру жұмыстары қызу жүргізілуде.

 

Абай-ақпарат

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485