Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3277 0 пікір 14 Тамыз, 2017 сағат 10:51

Азияда алдында тіркелмеген жұмысшылар Ашхабадтан шығарылып жатыр

Азияда ойындары алдында Ашхабадта құрылыста жұмыс істейтін жұмысшылардың тұратын жерін анықтап, астанадан түгелімен көшіріп жатыр деп хабарлады дереккөз.

"Түркіменстан оқиғасы" басылымының ақпараты бойынша 7 тамыздан бері астанадағы барлық құрылыстар тоқтаған. Полиция аймақтардан келген жұмысшылардың бәрін ұстап, астанадан шығарған. Олардың көбінде уақытша тіркеулері мен жұмыс істеуге рұқсат қағаздары болмаған.

Нәтижесінде Ашхабадтағы құрылыс жұмыстары, атап айтқанда Бейбітшілік ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылыстары тоқтап қалған. Азаттық радиосының өзге де дереккөздері бұл ақпаратты растады. Ресми Ашхабад бұл жайында түсініктеме бермеді.

Осыған дейін қыркүйектің 17-27-і аралығында Ашхабадта өтетін жазғы Азияда ойындары қарсаңында облыстардан келген жұмысшыларды жаппай астанадан шығарып жатқаны хабарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124