Азия жұлдыздары Медеуге келе жатыр
Алматыда 19 – 20 тамыз аралығында ерекше форматтағы «Star of Asia» халықаралық музыка фестивалі өтеді. Бұл айрықша шоу әлемдегі ең биік мұз айдыны «Медеуде» өтіп, оған әлемдік деңгейдегі артистер қатысады, ашық ауа сахнасында жүздеген түрлі көңіл көтеретін шаралар көрсетіледі деп хабарлайды qazaquni.kz сайты.
«Бұл ерекше музыка мерекесі болады, хип-хоптан RnB-ға, инди-поп, электр және рок, яғни түрлі бағыттағы әндерді заманауи үздік орындаушылар айтады. Әлемге танымал шетелдік диджейлер хэдлайнерлерге айналады. Концерттен өзге фестиваль барысында флешмобтар мен түрлі стильдегі би баттлдары да көрсетіледі», – дейді фестивальді ұйымдастырушылар.
«Star of Asia» ("Азия жұлдыздары") фестивалі атауының өзі сахнаның ішіне енген ұшатын метеоритті елестетеді, үлкен арка пайда болады.
Медеуде алғаш рет радиальды формадағы сахна жасалады. Оның техникалық нюансына келсек, Қазақстанда радиальды формадағы сахна жасау өте күрделі. Авторлық жоба Германия, Ресей және Украинадан келген серіктестер арқылы жүзеге асады.
«Star of Asia» орасан мультипликативтік ерекшелікке ие болады деп күтілуде. Алматыға келетін жұлдыздардың сандық және сапалық құрамына орай «Сан Ремо», «Славянский базар», «Новая волна» сияқты континентальді маңызға ие фестивальға айналуы мүмкін деп күтілуде.Біз фестиваль жыл сайын өтеді деп үміттенеміз» – дейді ұйымдастырушылар.
Атап өтерлік жайт, фестиваль ҚР Президенті Н. Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Алматының Қала күні қарсаңында мегаполисте оқиғалы туризмді дамыту мақсатында өтеді.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша соңғы он жыл ішінде оқиғалы туризм жедел даму үстінде , мұндағы әлемдік айналым он мыңнан жүз миллиард долларға дейін өскен.
«Star of Asia» өткізу туристер легін арттырады, экономикалық тиімділік әкеледі, шараны өткізу барысында туристік индустрияның барлық объектілері жұмыстарын жандандырады.Фестиваль Қазақстанда ғана емес, барлық Азия кеңістігіндегі ерекше музыкалық оқиға болады әрі Алматының әлемге танымалдығын аттырады»-, деді әкімдік.
Қала басшылығы «Star of Asia»Алматыдағы туристік саланы өрістетудің негізгі элементтерінің бірі деп есептейді. Форматы жағынан мүлдем өзгеше «Star of Asia» континентальді фестивалі «Азия даусының» өміршең дәстүрін жалғастырады.
Фестиваль артистері де көпшілікті қызықтыратыны сөзсіз,олар: Оңтүстік Кореяның «U-Kiss» тобы- Asia Song Festival , Chineese TOP Awards, Best Male Music Video, Korean Culture Entertainment Awards, Korean Video, Daejun Awards музыкалық сыйлықтарының лауреаты, Youtube арнасындағы жазылушылар саны 17 000 000 адам, Әзірбайжанның танымал әншісі Roya Instagramдағы фолловерлі жазылушыларының саны 1 100 000 адам,Өзбекстанның әншісі әрі актрисасы, 15 сыйлық пен номинация үздігі Rayhon (Instagram – 1 000 000 фолловерлер, Facebook – 8 777 фолловерлер), Индияның жарық жұлдызы Sanah Moidutty (Instagram – 13 200 фолловерлер, Facebook – 55 532 фолловерлер), өзбектің клубтық мәдениетінің жұлдызы DJ Piligrim (Instagram – 93 400 фолловерлер, Facebook – 7 030 фолловерлер), «Kral TV M uzik odulleri», «Al tin kelebek odulleri», «Istambul FM Alt in jdlleri» марпаттарының иегері,түріктің атақты әншісі Murat Boz (Instagram – 7 100 000 фолловерлер, Facebook – 5 057 717 фолловерлер) және басқалары.
Естеріңізге сала кетейік, билеттерді Kassir.kz, Chocolife.me, Ticketon.kz сайттарының және Республика Сарайының, Алматының Мега Орталығының кассаларынан сатып алуға болады.
Abai.kz