Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4480 3 пікір 14 Тамыз, 2017 сағат 15:30

БҒМ «Алтын белгі» иегерлері аз балл алып қалған мектептерді тексереді

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Алтын белгі» иегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеуден аз балл алып қалған мектептерді тексеретін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Гүлзат Көбенова мәлімдеді. «Келесі аптада министрлік «Алтын белгі» иегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеуден аз балл алып қалған мектептерді тексеруді бастап кетеді. Мектеп бітірушілер үшін бұл тексеріс ешқандай зиянын тигізбейді. Алайда заңсыздық анықталып жатса, мектеп басшылығы қатаң түрде жазаланады», - дейді Гүлзат Көбенова.

Айтпақшы, елімізде «Алтын белгі» иегерлеріне қосымша 1487 грант бөлінетін болады. Ал жиында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылы оқу грантын бөлу байқауына 4360 «Алтын белгі» иегері қатысқан. «Өзге абитуриенттер жоғары балл алып кеткендіктен, аталған 1487 бала негізгі тізімнен шығып қалған. Сәйкесінше, 1487 бала ҚР БҒМ мен Денсаулық сақтау министрлігінің қаржысы есебінен оқуға түсетін болады», - дейді Гүлзат Көбенова.

Абай-ақпарат

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524