Жұма, 9 Қазан 2026
4394 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 09:30

Испания полициясы күдікті террористі іздестіруді жалғастырып жатыр

Испания полициясы 17 тамызда Барселона мен Камбрильстегі террористік шабуылға қатысы бар делінген күдікті, Мароккодан шыққан азаматты іздестіріп жатыр.

Жексенбі күні полиция Альканардан, шабуыл жасауға дайындалған үйден 120 газ баллонын тапқанын хабарлады. Каталония полициясы соңғы айларда радикалды топтың өкілдері осы үйде жасырынып, терактіге дайындалған дейді.

Камбрильс полициясы бес күдіктінің көзін жойып, төрт күдіктіні ұстаған. Бұл қалада бір әйел террористердің құрбаны болып, алты адам жараланған.

Екі күдікті Альканарда үй жарылған кезде қаза тапқан.

Өткен аптада Испанияда болған терактілерді "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы жауапкершілігіне алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 917
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1224