Жексенбі, 11 Қазан 2026
5046 0 пікір 22 Тамыз, 2017 сағат 08:12

Дели әуежайында 1 млн доллармен қырғыз азаматы ұсталды

Үндістанның Дели әуежайында 1 млн доллардан астам қолма-қол ақшасы болған қырғыз азаматын ұстаған. Бұл жөнінде Үндістанның Business-standart.com, Tribuneindia.com сайттары хабарлап жатыр.

БАҚ таратқан мәліметке қарағанда, Нью-Дели әуежайында ұсталған әйел "Air Manas" рейсімен Бішкекке ұшпақ болған. Онда ұсталған азаматтың аты-жөні Зухра Балтабаева 56 жаста екені айтылған.

Үндістан басылымдарының жазуынша, тексеру кезінде әйелдің қол сөмкесінде 60 мың доллар болған. Ал жол жүгін тексергенде 1 млн 41 мың 290 доллар шыққан.

Қазіргі кезде Үндістанның кеден қызметі бұл істі тексеріп жатқаны хабарланған. Үндістандағы Қырғызстан елшілігі бұл жайында әзірге түсініктеме бермеді. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі ақпарат тексеріліп жатыр дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 937
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1256