Сенбі, 23 Қараша 2024
4816 0 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 08:51

“Made in Uzbekistan” бренді тәжік нарығын жаулап алып жатыр

Қысқа уақыт аралығында тәжік тұтынушылары өзбек өнімдеріне басымдық бере бастаған.

Әсіресе “Artel” өзбек компаниясы шығаратын балалар киіміне сұраныс көп. Базарларда өзбек өнімдері Қытай және Қырғызстаннан келетін тауарларды ығыстарыған. Жаңа оқу жылы қарсаңында Өзбекстан шығаратын мектеп формалары да кеңінен сатылып жатыр.

Кәсіпкер Шамсиддин Турдиевтің сөздерінше, тәжік сатып алушыларын өзбек тауарларының қол жетімділігі мен жоғары сапасы қызықтырады.

Душанбеде сәуір айында өткен көрмеден кейін ашылған «Ravon» автосалоны көліктерінің 75 пайызын сатып үлгерген. Автосалон директоры Фаррух Замонов R2, R4, Gentra, Nexia R3, Damas және Labo көліктері сұранысқа ие дейді.

Тәжікстанның сауда-өндіріс палатасының жетекшісі Шариф Саидтың сөздерінше, биылғы жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейін Тәжікстан Өзбекстаннан 26 млн доллардың тауарын импорттаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364