Жұма, 22 Қараша 2024
Анық-қанығы 6461 15 пікір 26 Тамыз, 2017 сағат 10:40

Балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында пинг-понг ханшайымдары белгілі болды

24-тамыз күні "Abai.kz" ақпараттық порталында "Қытайлықтар Қазақстанның жетімдер үйіндегі қыздарына көз сала бастады" атты мақала жария болды. Мақала авторы - Шәріпхан Қайсар. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыға түсті. Түрлі пікірлер айтылды. "Abai.kz" еркін ақпарат алаңы. Ой жарыстырып, пікір таластыру сіздің еркіңізде.

Бүгін редакциямызға ұйымдастырушылар хабарласып, Шәріпхан Қайсардың мақаласы шындыққа жанаспайтынын ескертіп, қоғамда дау тудырған "Пинг-понг ханшайымы" атты конкурс туралы ақпаратымен бөлісті.

Редакция


 

«Пинг-понг ханшайымы» деп аталатын бұл әлеуметтік жоба Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында Қытай еліне баруға мүмкіндік беретін үстел теннисінен турнирі.  Турнир қортындысы бойынша жеңімпаздар Пекин қаласындағы спорт академиясының жаттықтырушыларынан үстел теннисінен арнайы шеберлік сыныбынан өтуге мүмкіндікке ие болады.

Бүгін «Бауыржан» қайырымдылық қоры Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының үстел теннис федерациясы және Huawei Kazakhstan компаниясымен Қазақстандағы алғаш рет өткізіліп отырған балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында пинг-понг турнирінің финал ойындары өтті.

Екі ай қатарынан Қазақстанның 10 аймағында іріктеу ойындары өтті. Жалпы тартысқа    еліміздің 40 балалар үйлерінен  60 тәрбиеленуші қыздар қатысты. Алматы қаласында тамыз айының 23 күні 21 балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары басты сыйлық- Қытай елінде үстел теннисінен кәсіби шеберлік сыныбынан сабақ алуға өтуге мүмкіндік беретін тартыс өтеді.                            

                                

Финал ойындары Алматы қаласында Қазақстанның үстел теннисі федерациясының ғимаратында өтеді. Аталмыш шараға ұйымдастырушылармен қатар «Алатау» жұлдыздардан құралған футбол клубының ойыншысы Марсель мен танымал радиожүргізуші Нұржан Еркінұлы қатысты.

 «Бауыржан» қорының атынан жоба үйлестірушісі Майра Альжанова Қытай еліне мүмкіндік берген бұл жоба қатысушы қыздарға тек қуаныш сыйлап қана қоймай, әрқайсысының бойындағы спортқа деген талабы мен талантын байқатты деуге болады деп санайды.

Майра Альжанова:                                                          

 - Спорт шыңдайды. Турнирдың басты мақсаты да сол өскелең жастардың арасынан таланттарды тауып оларға жол көрсету, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беру.  

Салтанатты шарада қатысушыларды «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев құттықтады.           

Құрметті жас спортшылар!  3 күн  қатарынан бізге мереке сыйлағандарыңыз үшін рахмет! Өмір-жеңістер мен жеңілістерден тұрады сондықтан, әркез мойымай тек алға ұмтылыңдар! Ең басты белестерін әлі алда», - деден ол жасөспірімдерге сәт-сапар тіледі.

Көптен күткен чемпионның кубогы мен Қытай еліне барар жолдаманы ҚХР Алматы қаласындағы бас консулының орынбасары Го Синьцяоның қолынан  7-10 жас ерекшелігі бойынша турнирдың ең жас қатысушысы Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі 9-жасар Мария Замотойло мен 11-15 жас ерекшелігі бойынша 13-жасар Павладар облысының Қашыр балалар үйінің тәрбиеленуші қызы алды.

 

Мария Замотойло (жеңімпаз):                           

- Бұл жеңіс оңай келмеді. Барлық қарсыластарым жақсы дайындықпен келіпті. Бірақ мен өзімнің мықты екенімді байқаттым. Себебі, жеңетініме сендім. Енді Қытай еліне баратыныма қуаныштымын!

Го Синьцяо (ҚХР Алматы қаласындағы бас консулының орынбасары):

- Бұл жобаға қатысымыз болғанына өте ризамын. Бұл жобаны әрі қарай қолдап, балалар үшін барлық жағдай жасауға тырысамыз.  Турнир арқасында Қазақстан елі мен Қытай елінің қарым-қатынасы нығая түсетініне сеніміміз мол.

Турнирдың басты мақсаты – жетім балалар арасындағы үстел теннисі дарындарын тауып, қазақстандық теннис деңгейінің артуына біршама үлес қосуды мақсат тұтады.  Турнир қыздар арасында 2-жас ерекшеліктері бойынша өтеді: 7– 10 жас пен 11 – 15 жас аралығы.   

Турнир ұйымдастырушылары бұл жобаны қазақстандық жастардың арасында спортқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріндегі 100 жетімдер үйіне 100 теннис ойнайтын үстел мен жабдықтарымен қамтамасыз етті.  Енді балалар үйінің тәрбиеленішілері олимпиадалық спорт түріне енетін үстел теннисін ойнап жаттығуға зор мүмкіндікке ие болады. 

7-10 жас арасындағы жеңімаздар:                                                                                 

I орын - Мария Замотойло (Қостанай қаласы)                         

II орын - Вера Молоткова (Орал қаласы)                                

III орын - Наталья Гурина (Алматы облысы)

11-15 жас арасындағы жеңімаздар:       

I орын - Лаура Мұхаметжанова (Павлодар облысы)

II орын – Нази Жалагония (Ақмола облысы)

III орын - Нәзира Абылқасова (Қарағанды облысы)

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320