Бұрынғы "молдалар" дауласпайтын
Баяғы шалдардың діни ұстанымы, оқып жүрген намазы жақсы-тын. Атамның атының артына мінгесіп жүріп, соғыс көрген шалдардың, одан сәл бергі буын өкілдері қатысқан біраз тарауықтың, отырыстардың қалай өтетінін көріп үлгердім.
Ол кісілер Имам Ағзам жайлы айтады. Басқа жағына тереңдемейтін. Ақида, Матруди деп дауласпайтын. Бес сүремен-ақ бес уақыт намаздарын оқитын.
Қазір діннің түбіне жете алмайсың (ешкімнің жетпесі анық). Мысырда, Пәкістанда, анда-мында оқып келіп, бір-бірін мойындамай отырған жұрт. Әйтпесе, Құран жерге түскелі сан мың жыл өтті. Сол шалдарға намаз үйреткен сауатты қожа молдалардың өзі ондай тереңге бойлай қоймайтын.
Қазір не көп эстрада әншісі, асаба және уағыз айтушы көп...
Айсұлтан Жақыпов
Facebook-тегі парақшасынан