Жұма, 22 Қараша 2024
Рухани жаңғыру 4462 9 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 15:25

Елбасы бастамаларының орындалуы «Нұр Отанның» назарында

Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың маңызы орасан зор. Сондықтан да олардың жүзеге асу барысы еліміздегі басты саяси күш «Нұр Отан» партиясының жіті қадағалауында. Осыған орай бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысында болып, Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен танысты.

Алдымен Мұхтар Құл-Мұхаммед мамандандырылған көлік-логистикалық орталықтың аумағында орналасқан «Ригер» ЖШС-на барды. Бұл жерде дәрі-дәрмектер мен медициналық заттар сақталады. Кешен Австрия мен Ресейден әкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған. Сондай-ақ, жұмыс үдерісінің тиімділігін арттыру үшін автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. 372 млн. теңге.

Сонымен қатар, партия Төрағасының Бірінші орынбасары жаңадан іске қосылған ескірген көліктерді жою зауытында болды. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналасқан зауыттың Орталық Азияда ешқандай баламасы жоқ. Бұл жерде бір жылда 50 мың ескі автомобильді қайта өндеуге болады. Кәсіпорында автоқалдықтардан пештік отындар, шойын, болат, алюминий, түрлі-түсті металл құймалары және резеңке қиындылары дайындалады.

Қарағанды өңірінде ашылған жаңа кәсіпорындардың маңызы мен тиімділігін жоғары бағалаған Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Елбасымыз бүкіл елімізге, әрбір қазақстандыққа қажет жағдайдың бәрін жасады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданды, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бекітілді, оларды жүзеге асыру үшін жыл сайын триллиондаған теңге қаражат бөлінуде. Енді бізге тек білек сыбанып жұмыс істеу ғана қалды. Бүгін мен Қарағанды облысында Елбасы тапсырмаларының табысты орындалғанының куәсі болдым», – деді.

Одан бөлек, Мұхтар Құл-Мұхаммед кеншілер өңіріндегі тағы бір заманауи кәсіпорын – «Изоплюс Орталық Азия» ЖШС-ға барды. Мұнда құбырларды изоляциялау жұмыстары жүргізіледі. Зауыттың басты ерекшелігі өнім сапасының әлемдік стандарттарға толығымен сай болуында. Сондай-ақ, өндіріс ошағы «жасыл технологияға» негізделген. Соның нәтижесінде бұл жерден ауаға зиянды қалдықтар таралмайды.

Расымен президенттік бағдарламалар арқылы Қазақстанның барлық өңірінде өндіріс саласының қарқыны айтарлықтай күшейді. Соның нәтижесінде халықтың жағдайы жақсарып, өмір сүру сапасы артты. Данышпан Абайдың халықты еріншектіктен, жалқаулықтан аулақ болып, адал еңбекпен мал табуға шақыруы да қазақ даласында дәл бүгінгідей жарқын өмірдің орнауын көксегенінен екенін анық. Сондықтан елге етене «Нұр Отан» партиясының Елбасы тапсырмаларының орындалуын өз бақылауына алуын заңдылық деп білеміз.

Ілияс Ақбай

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321