Дидар Амантайдың бес томдық шығармалар жинағы жарық көреді
АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда кинодраматург, жазушы Дидар Амантайдың "Қарақаралы басында" атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Бұл қаламгердің бес томдық жинағының алғашқы кітабы.
Кітапқа "Гүлдер мен кітаптар" романы, "Мен сізді сағынып жүрмін" повесі, сонымен қатар 17 новелладан тұратын "Post Scriptum" әңгімелер жинағы және өз алдына дербес, әр түрлі тақырыпта жазылған жиырма әңгімесі, философиялық эсселері мен өлеңдері енген. Кітап 5000 данамен жарық көрді.
"Мен алдағы әр жылда шығармаларымды бір-бір томнан шығарып отыруды көздеп отырмын. Екінші кітабым келесі жылы күзде шығады. Бұл кітапқа 20 жыл бойы жазылған туындыларым енеді. Бұл менің оқырман қауым алдындағы есебім. Қазіргі таңда осы кітап орыс, неміс, түрік, араб, ағылшын және кәріс тілдеріне тәржімәланып жатыр",-деді кітаптың авторы Дидар Амантай. Оның айтуынша, келесі жылы мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов бір роман, бір повесть және 15 әңгімеден тұратын француз тіліндегі кітабын Париж қаласында жарыққа шығаруға ықпал етпек. Бүгінде Дидар Амантайдың біршама шығармалары қытай тіліне де аударылып жатыр.

Әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанованың айтуынша, Дидар Амантай өте өнімді еңбек етіп жүрген жазушы. "Міне, 5 томдық шығармалар жинағын шығарып жатыр. Алғашқы томынан-ақ, өз қолтаңбасын білдіріп отыр. Дидар бүгінде өз буынының көшбасшысы. Осы буын өкілдері әдебиетке жаңа көркемдік, тың сезімдер, жаңа көркемдік эстетикалық әдістер алып келді", - деді ол. Оның айтуынша, автор кез келген туындысында қаһарман мінез -құлқын қимыл- әрекетті, пәлсапалық ойы және диалогтары арқылы жан-жақты ашып суреттеуге талпынған. "Кітаптың тілі шұрайлы, бояуы қанық, оқиғалары қызықты жазылған",- деп атап өтті Әлия Бөпежанова.