Сенбі, 23 Қараша 2024
5456 0 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 09:08

Өзбекстан президенті валюта айырбастауға рұқсат берді

5 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары шетел валютасын айырбас пунктерінде нарық бағасы бойынша сата алады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Валюта саясатын либерализациялаудың алғашқы қадамдары туралы" қаулыға қол қойды. Құжат бойынша, ұлттық валюта бағамын анықтауда нарық механизмдері ғана ескеріледі.

Өзбекстанның резидент жеке тұлғалары шетел валютасын айырбас пунктерінде сатып, коммерциялық банктердің конверсиялық бөлімдерінен ешқандай кедергісіз сатып ала алады.

Бұл қаулыға дейін Өзбекстанда үш валюта бағамы бар еді: ресми, биржалық және нарықтық. Қарапайым адамдарға арналған "қара бағам" астыртын валюта нарығында қалыптасады. "Қара базар" бағамы мен Орталық банк белгілеген бағамның айырмашылығы екі есеге жуықтайды.

"Қара базар" 90-жылдардың басында қалыптасты. Билік оларды ұстаумен шұғылданды.

Валюта саясатын либеризациялау - халық көптен күтіп отырған елеулі өзгеріс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371