Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 4129 0 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 10:33

«Астана Арена»  стадионында футболдан жолдастық кездесу өтті

Астана – 3 қыркүйекте «Астана Арена»  стадионында  ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, Астана опера театры, «Samruk Kazyna Trust», «Eni» мұнай компаниясы, «La Scala» театры қызметкерлері арасында футболдан жолдастық кездесу өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Астана Опера» Кубогының бірінші  орнын  ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің командасы иеленсе, екінші орынды «Астана опера» командасы алды, үштікті «Samruk Kazyna Trust» қорының командасы түйіндеді. «Астана опера» театрының қызметкері ең үздік қақпашы атағына қол жеткізді. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов министрліктің атынан шыққан команданың капитаны болды. Жүлдегерлер мен жеңімпазды ҚР Мəдениет жəне спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы естелік медаль жəне кубокпен марапаттады. Министрдің айтуынша, мұндай жолдастық кездесулер болашақта дәстүрлі түрде өткізіліп тұруы тиіс.

Abai.kz

0 пікір