Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 6114 5 пікір 5 Қыркүйек, 2017 сағат 09:37

Миллион мұсылман митингке шықты

Үндіқытай түбегінде орналасқан Мяньмидегі малқасапқа байланысты мұсылмандардың наразылығы күн санап артып келеді. Мяньмиде рохинджа мұсылмандарына жасалған қысым мен жантүршілігерлік бейне жазбалар әлеуметтік желіде пайда болды. Бізге белгілісі 400 рохинджа мұсылманы өлтірілген. Олардың ішінде әйелдер мен бала-шаға көп.

Біз Мяньмидегі жаншорырлық жағдай туралы кеше жаздық. Рохинжалар – бұлар этникалық бенгал-мұсылмандар. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын ала Ағылшын өкіметінің пәрменімен Ракхайн штатының Аракан аймағынан қоныс тепкен мұсылмандардың қарасы жарты миллионға жақындайды.

Рохинжа-мұсылмандары қазір Бангладешке бас сауғалап босу үстінде.

Болған оқиғаға қатысты Түркия Преиденті Режеп Тайып Ердоған ашық мәлімдеме жасап, Мяньмидегі қырғын мұсылмандарға жасалған геноцид екенін айтты.

Өз кезегінде Ресей құрамындағы Шешенстан лидері Рамзан Ахматұлы Қадыров Грозныйда миллиондардың митингісіне қатысып, рохинджа мұсылмандарына қолдау білдірді. Халықаралық қауымдастықтан және Ресей Президенті Владимир Путиннен бұл мәселеге бейжай қарамауды сұрады.

Ілияс Ақбай

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364