Сенбі, 12 Сәуір 2025
5041 0 пікір 5 Қыркүйек, 2017 сағат 11:38

Келін енесін өртеп жіберді

Өзбекстанның Сұрхандария облысы Термез қаласында тұратын әйел енесімен үйді бөлісе алмай, оны өртеп жіберген. 72 жастағы әже үймен бірге өртеніп кеткен.

Күдіктінің 10 жастағы баласы да ауыр күйіктермен ауруханаға түсті.

Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, ене мен келін арасындағы жанжал жеті жылға созылған, ақыры қайғылы оқиғамен аяқталған.

Үш баланың анасы енесімен бірге тұрып келген. Ал күйеуі он жылдан бері Ресейде тұрады. Енесі келінін қуып жіберуге тырысқан. Бірақ келін үйдің өзіне тиесілі екенін айтқан. Ашу үстінде ол үйге бензин құйып өртеп жіберген.

Қылмыстық іс қозғалды. Келін негізгі күдікті ретінде ұсталды, үйді өртеген сол екенін көргендер бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1812
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4620
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3648