Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Деп жатыр 10387 17 пікір 6 Қыркүйек, 2017 сағат 08:46

Қара Тоқа Күлекбаевтың ісін қайталауы керек пе?

Атырау облысы, Жылой ауданы 7 - ауылда тұратын бауырымыз 24 жастағы Амандәулетов Тоқтар, жанама аты "Қара Тоқа" (по кличке "Черный Тока") қазақтың жай, қара домалақ салмақты, биязы баласы. Асыра мақтағандық емес, туа біткен шымыр, мықты спорт шебері, біртуар азамат десек те болады. Бұл бауырымыздың спорт саласына да қосқан үлесі өте зор. Мұндай біртуар жігіттердің көзін ашып, ынталандырып, қол жетпес биік белестерге қанат жайып ұмтылуына жағдай жасаудың, себеп болудың орнына біздің ІІ Бөлімі қызметкерлері оны сындырып, одан ұлтарақ жасамақ.

Қазір мүгедек болса да мүгедектер аралық жарыстарда бірінші орын алып ауданның абырой-даңқын, атағын көтеріп отырғанын неге айтпасқа? Осы уақытқа дейін ішіне сырын бүккен бауырымыз күні кеше келіп (жастар жиылатын ордаға) ішіндегі бар сырын ортаға  ақтарып салды. "Бір күнәнің иесі болсам бір сәрі, негізсіз артқа түскеннен асқан азап жоқ екен. Не істеу қалды, не істейін, мен сынатын шыны хрусталь емеспін, алдым құз да артым жар, Күлекбаев құсап түгел қыру керек пе бұларды?" деді.

Бұл - лажы қалмаған ашулы жігіттің соңғы ұйғарымы екен. Осы мәселеде қандайда бір жаманат орын алса, бұған кінәлі, мұндайға жол ашқан, себепкер құзырлы орын қызметкерлері болып қалмақ. Біз сабырлы болуға шақырдық оны.

"Қара Тоқаның" артына 2015 жылдан бастап ІІ Бөлімі қызметкерлері шырақ алып түсіпті. Даудың басы Дайрабайдың ала сиыры дегендей, жалған нәрсені сылтау қылып, шыбыннан піл жасау ІІ Бөліміне мызғымас қағида болып бекіген бе? 2015 жылы, яғни Аудандық ішкі істер басқарамасы ІІ Бөлім қызметкерлері жала жапқан кезде Тоқтар балдақпен жүрген мүгедек еді. Сондай жүгіре алмайтын мүгедекке «сотка ұрлап қаштың» деп жала жабуы, жалған куәгерлер жалдауы, Тоқтардың атынан түсініктеме, арыз, қолхаттар жазып, оның қолын қоюы барып тұрған қылмыс емес пе, осының бәрі ақылға сия ма?

Екі жылдық драманы бұл жерге сыйғызу мүмкін емес, дегенмен де нақтыланып жазылып жатыр. Қорқытып мойындату, қарумен қорқыту, қалтаға наркотик-есірткі салу операциясының барын жасап көрген, "өлмейтін құлға өлі балық кезігеді" дегендей, әзірше ондайлардан бауырымыз дін аман. Бірақ, қуғыншыға жарға тірелген хайуанның азуын ақсыйтуы табиғи заңдылық. Демек, қарсы тараптан ызғар, қауіп бар. Хикая алдағы уақытта толық жарияланады. Сондықтан да, Тоқаның артына түскен "бандыны қуған Хамиттерге" айтарымыз, іс насырға шаппай тұрғанда бейбіт жағдайда істі тоқтатуларыңды Жылой жастары атынан сұраймыз!

Жылыой намысты жастары!

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076