Сенбі, 23 Қараша 2024
5403 9 пікір 8 Қыркүйек, 2017 сағат 15:10

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Абай атамыздың өсиеттерімен өзектес

Шығыс Қазақстан облысында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы игі істердің орындалуын бақылап, облыстағы киелі жерлерге арнайы барған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қоңыр әулие үңгірінде болды.

Аталған нысан облыстағы киелі жерлер картасына енгізілген. Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» аясында мұндай орындарға күрделі жөндеу жүргізіліп, ондағы қызмет көрсету сапасы жақсармақ. Соның арқасында оған келетін туристер мен зияратшылардың саны да айтарлықтай артады деп күтілуде.

Абай ауданында орналасқан көне түрік дәуіріне жататын Қоңыр әулие үңгірі ел арасында тарихи аңыздарымен және емдік қасиетке ие суымен белгілі. Мұнда кезінде данышпан Абай, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов сияқты тұлғалар келген. Кейін М.Әуезов өзінің «Абай жолы» романында үңгір туралы айтып өтеді. Ал бүгінде бұл жерге жылына 10 мыңға жуық саяхатшы мен зияратшы келеді.

Осындай орындарды қастерлеудің маңызы зор екенін айтқан Мұхтар-Құл-Мұхаммед: «Елбасымыз әрдайым ұлтымыздың ұлы ақыны Абай мұрасын қадірлеп, барша халықты оның өлеңдері мен қара сөздерінен өнеге алуға шақырып келеді. Президентіміз ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да Абай атамыздың бүкіл әлемдегі оқу, білім, мәдениеттің ең озық үлгілерінен үйрену жөніндегі өсиеттерімен өзектес. Ендеше ұлы ойшылдың ізі қалған Қоңыр әулие үңгірі сияқты мекендер біз үшін нағыз киелі жер болуға тиіс. Туған жерге тағзым осындай қасиетті орындарды қадірлеп, қастерлеуден басталады», – деді»

Сонымен қатар, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Тарбағатай ауданындағы киелі жерлердің бірі Ырғызбай ата кесенесінде болды. Бұл кесене ХІХ ғасырдың орта тұсында салынған діни архитектуралық ескерткіш. Ырғызбай Досқанаұлы заманында қазақ даласындағы дәрілік шөптердің қасиеттері мен қолдану тәсілдерін жетік меңгерген әйгілі емші және сынықшы болған. Кешенде кесенеден бөлек, мешіт, музей және екі мыңнан астам кітап қоры сақталған кітапхана жұмыс істейді. Тіпті сол кітаптардың арасында ХVII-XVIII ғасырларда жазылған Ибн Синаның медициналық трактаттары да бар.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387