Сенбі, 23 Қараша 2024
Біртуар 5606 6 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 08:41

Er Qazaq!

Бұл жырымды QAZAQ Қанат Ислам бастаған

қазақтың жеңімпаз  жеті ұлына арнаймын. 

Ұлтымен бір мәңгі тілегі,

(Ойы да, бойы да ірі еді)...

Ал Қанат - Ұлтының ұлы еді.

«QAZAQ» деп соғатын жүрегі.

 

...Ғажайып алтын күз кешінде,

Тәтті ойға батқандай Есіл де...

QAZAQ - шын ерлігін көрсетті,

Киелі Сары Арқа төсінде!

 

Намысын Қазақтың бермеді,

Намысшыл Ер QAZAQ өрледі.

Жеңіліс білмейтін Қанатым,

Бұл жолы тағы да ерледі!

 

...Жүрегім кеудеме сыймады,

Ерледі Қазағым, сынбады!

Сондай-ақ, Қазақтың жеті ұлы

Қанаттай тек Жеңіс сыйлады...

 

Жеңетін қандай да қайғыны,

Ұл-қызы – Ұлтымның байлығы,

Бұл жолы барша әлем алдында

Көрінді Ер Қазақ айбыны!

 

Тек қана Жақсылық тілегі,

Қазақтың намысшыл ұлы еді,

Ал шынын айтқанда ұлтым-ау,

Бұл нағыз Қазақтың күні еді!..

 

Бір сәтте жақындап алысым,

Ерледі Ер QAZAQ арысым!

Жасай бер, ҚАЗАҒЫМ, жасай бер,

Аялап Ұлтымның намысын!..

 

Жұмаш Кенебай (Көкбөрі),

10.09.2017 жыл, жексенбі

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420