Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
46 - сөз 14519 12 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 09:51

"Сақалдылар" атанып кеткен үлкен сауда орталығы

Біздің аудан орталығында "Сақалдылар" атанып кеткен үлкен сауда орталығы бар. Сатушылары өңкей сақалдылар болғасын шығар атауы да - "Сақалдылар".

Көп жылдан бері сол дүкеннің тұрақты клиентіміз. Əлі де сол "сақалдылар алдамайды, олар тақуа" деген соқыр сенім ғой. Ол жерде бəрі халал. Бəрі сатылады. Халал колбасаны да, халал далбасаны да сол жерден табасыз.
Бүгін отағасы екеуміз əдеттегідей сол дүкенге кірдік.

Алатын затымызды алып болған соң, біздікі əлдене есіне түскендей, сақалды сатушының біріне қарап,

- Сіздерде сақал қыратын станок бар ма? - дейді ғой.

Анау жоқ-деп басын шайқады.

Отағасының майлы жерінен шымшып алдым.

- Қызықсың ба?

Бұларда сақал қыратын қайдан болсын? Ол зат  бұлардың қас дұшпаны ғой.
Күйеу шарт кетті.

- Сонда бұл əкеңауылар... мүлдем қырынбай ма?

Естіп қойды-ау деймін. Сақалды тарс етті.

- Иə біз қырынбаймыз. Бетімнің сақалын көр де, ...өтімнің сақалын көр.

Алып тұрған затымызды тастадық та, ол дүкеннен жайлап шығып кете бардық.

Салтанат Абылбекова

Abai.kz

12 пікір