Алматы әуежайында ауа райының нашарлауы себепті Air Astana авиарейстерінің бәрі кідіріп жатыр
Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – Ауа райының нашарлауы себепті Алматы әуежайынан ұшатын Air Astana әуекомпаниясының авиарейстерінің барлығы кідіріп жатыр, деп компания баспасөз қызметінен хабарлады.
«Алматы әуежапйындағы ауа райының нашарлауы себепті барлық рейстер кідіріп жатыр. Air Astana ұшақтарының барлығы ұшуға дайын және ауа райы мүмкіндік берген бойда ұшуға кіріседі», - деп авиакомпания баспасөз қызметінің жетекшісі Белла Тормышева ҚазТАГ-қа хабарлады.
Ведомтсвоның мәліметтерінше, «ауа райы туралы мәлімет ұшуды басқару орталығына әр 3 сағат сайын келіп түсуде».
27-ші қарашадағы соңғы болжам бойынша «әуежай маңында 2 м/с самал тұрып, көріну қашықтығы - 200 м, биіктігінен -30 м, салқын тұман, ең жоғарғы температура +3, ең төменгі температура – 5», - делінген ақпараттық баянда.
Еске салсақ, қалың тұман түсуі себепті 26-шы қарашада Air Astana әуекомпаниясының 11 рейсі алынып тасталып, 7 рейс 27-ші қарашаға қалдырылды.