Сенбі, 23 Қараша 2024
4824 2 пікір 16 Қыркүйек, 2017 сағат 21:21

Ашхабад алаңында қазақ күресі насихатталады

17 Қыркүйекте Түркіменстанның  астанасы Ашхабад қаласында жабық кешенде өтетін   5-жазғы Азия ойындары түңлігін түреді. Он күнге жуықтайын Азия ойындарына  әлемнің 62 мемлекетінен спортшылар жиналады. Бұл додаға  Азия құрлығының ғана емес, мұхит аймағындағы елдер де спортшыларын қатыстырады.  Түркімен жеріндегі айтулы дода кезінде ұлттық спортымыз – қазақ күресі насихатталмақ. Яғни Ашхабадтағы аламанда бірнеше елдің балуандары қазақ күресінен де сынға түседі.

Бұл еліміз үшін үлкен мәртебе. Ақжолтай жаңалықты журналистермен бөліскен Дүниежүзілік қазақ күресі қауымдастығының бірінші вице-президенті Серік Түкеев Азия ойындары кезінде қазақ күресінен 3 салмақ дәрежесінде белдесулер өтетінін жеткізді. "Біз осыдан бір мүшел уақыт бұрын яғни 2004 жылы Германияның Берлин қаласында өткен дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезінде дүниежүзілік қазақ күресі қауымдастығын құрғанбыз. Сондағы басты мақсатымыз – қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу. Осы межеге жету жолында қыруар жұмыс атқарылды. Қазақ күресінен Азия чемпионаты 11 мәрте өткізілді, Еуропа біріншілігін де бірнеше елде өткіздік. Әлем чемпионаты алты рет ұйымдастырылды. Африка чемпионаты да жоғары деңгейде өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі өткізілді.  Қазақ күресінің, ұлттық спортымыздың жанашыр азаматтарының арқасында, солардың игі жоспарымызды қолдап, демеуінің нәтижесінде осындай жарыстарды ұйымдастырдық.

Ашхабадта өтетін жабық кешендегі Азия ойындарының бағдарламысна қазақ күресінің енгізілуі еліміз үшін де  зор жетістік" деді Серік Адамұлы.

Түркімен жеріне жүрер алдында журналистермен жүздесуге Серік Түкеевтен өзге профессорлар Жанпейіс Қобыланов, қазақ күресінің жанашыры, Әзиз Тастанбеков те қатысып, қазақ күресін әлемге дамыту жолында не істеу керек, қандай шаруаларды жүзеге асыру қажет, насихаттаудың қандай тәсілі тиімді? деген сауалдарға жауап берді.

Қазақ күресін жапонның дзюдосы секілді олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу үшін атқарар шаруа қыруар, арқалар жүк өте ауыр. Дүниежүзілік қазақ күресі қауымдастығы 2004 жылдан бері қарай әлемнің 50-қа жуық елінде қазақ күресінің федерацияларын ашып, сол елдерде насихатталуына күш салып келеді. Жұмыс үдерісі осы қарқынынан таймаса алдағы уақытта қазақ күресі де Оимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілуі әбден мүмкін. Лайым солай болғай.

Ашхабадтағы 5-жазғы Азия ойындарында қазақ күресінен балуандар үш салмақта сынға түседі. Еліміздің намысын 70 келіде  Қасымхан, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев, 90 келіден ауыр салмақ дәрежесінде Айбек Нұғымаров күреске түседі.

Қуан Ұпан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475