Сенбі, 12 Сәуір 2025
3486 0 пікір 18 Қыркүйек, 2017 сағат 09:11

Бішкекте белсенділер сайлауда әкімшілік ресурсты қолдануға қарсы шықты

Бішкектегі жастар аллеясында 17 қыркүйекте "Біз қорықпаймыз!" деп аталатын флешмоб өтті. Оған қатысушылар президенттік сайлау қарсаңында жоғары оқу орындарында әкімшілік қысымға қарсы шықты. Акцияға саяси партиялардың өкілдері, студенттер және басқа да жастар қатысты.

Флешмобқа 100 шақты адам қатысты. Онға жуық адам ауыздары мен көздерін тұмшалап, қолдарын қара матамен байлап алды. Сол арқылы акцияға қатысушылар әкімшілік қысымды бейнеледі.

Жастар қырғыз туын, ректор мен ұстаздар суреттерін көтеріп алып, көше аралады, сөйтіп аузын шүберекпен байлаған басқа да студенттерді құтқарды

Флешмоб кезінде жастар ешкімнен қорықпайтындарын, жүрек қалауымен дауыс беретіндерін айтты.

Бұның алдында үкімет сайлау кезінде әкімшілік ресурс қолдану фактісі бойынша жаза қатаң екендігін ескерткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627