Сенбі, 23 Қараша 2024
3706 7 пікір 18 Қыркүйек, 2017 сағат 09:13

Ресей қорғаныс министрлігі Сириядағы әуе соққысы үшін Пентагонға жауабын берді

Ресей қорғаныс министрлігі сириялық Дейр-әз-Зора ауданында әскери операция болатыны туралы АҚШ-ты алдын ала ескерткенін мәлімдеді. Осылайша Мәскеу Вашингтонның ресейлік ұшақтар "Сирия демократиялық күштерін" атқылады деген айыптауларына жауап берді.

Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі генерал-майор Игорь Конашенковтың мәлімдеуінше, әскер "Ислам мемлекеті" бақылауындағы аудандарды соққылаған.

Пентагон мәліметіне қарағанда, оқиға сенбі күні Евфрат өзенінің шығысындағы Дейр-әз-Зор қаласына жақын маңда болған. "Сирия демократиялық күштері" әуе соққысынан өзінің алты жауынгері жараланғанын хабарлады. Ресей әуе күштері атқылаған ауданды коалиция әскері де болған. Олар зардап шекпеген.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435