Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 6905 7 пікір 18 Қыркүйек, 2017 сағат 11:22

Қазақстанда 40 мыңға жуық Нұрсұлтан бар

Су жаңа рекорд. Ол рекордты Оңтүстік Қазақстан облысы орнатты. Әңгіме "Нұрсұлтан" деген есім жайлы болмақ.

Сөйтіп, оңтүстік жұрты жаңа туған сәбиге  Нұрсұлтан деген есімді беруде ешкімге дес бермеді.

"Оtyrar.kz" ақпаратына сүйенсек, қазірдің өзінде ОҚО-да 10 265 Нұрсұлтан тұрады екен. Олар 1991-2016 жылдар ішінде оңтүстікте туған немесе қоныс аударғандар екен.  Жансейт Түймебаев тізгінін ұстаған өңірде ең жоғарғы рейтинг. Ең көп Нұрсұлтан тұрады.

Ал аудсайдер - Солтүстік Қазақстан облысы екен. Тәуелсіздік алғалы бері туғандар мен көшіп келгендерді есептегенде бұл жақта бар болғаны 483 Нұрекең тіркелген екен. Солтүстікте "Нұрсұлтанға" сұраныс аздау.

Амандық Баталов басқарып отырған Алматы облысында - 4 585 Нұрсұлтан тіркелсе, Жамбыл облысында - 3 940, Қызылордада - 3 081 Нұрсұлтан тұрып жатыр. Алматы облысы бұл жарыстың екінші сатысында.

Қарағанды мен Ақтөбеде де 2 мыңға жуық Нұрсұлтан бар.

Астанада да Нұрсұлтандар бар. Президент Нұрсұлтан Нзаарбаевты қоса есептегенде барлығы - 2 528 Нұрекең тіркеуде тұр. Халқының саны миллионға жете қабыл Астанада 2 жарым мыңнан астам Нұрекең нан тауып, тіршілік кешіп жүр.

Солай, міне. Қазақстандағы ең танымал есім де - Нұрсұлтан. Сұранысы жоғары есім де - Нұрсұлтан.

Рас балаға ат қою процессіне әртүрлі жайттар себепші болуы мүмкін. Дегенмен, Қазақстанда Нұрсұлтандардан басқа  Елбасы, Азиада, Ақорда, Астана, Бәйтерек, Саммита, Қазақстан, Атазаң деген атты балалар өсіп-жетіліп келеді. Ал бізге мәлім ақпарат бойынша - қазір елімізде 40 мыңға жуық Нұрсұлтан бар.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297