Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4913 4 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 09:04

Қоғамды алға бастырмайтындар кімдер?

Қоғамды алға бастырмайтындар кімдер? Өзі адал кәсіп жасамайтын және өзгеге жасатпайтындар!

Біз қазақтар қойы шулап тайы тулап, көң иісі бұрқыраған ауылда асыр салып өскен батыр да бақытты xалықтың ұрпағы едік, оқыс шайқалып төгіліп кеткен сүтті де анамыз саусағына іліп алып маңдайына сүйкеп, "ақты аяққа баспау керек, кепиет болады" дейтін. Сондықтан да малды ауылда өскен қазақтың бәрі де ойы сергек, өзі еңбекқор, бір тамшы сүтті қандай аяласа, адалдықпен пәктікті сондай аялайтын.

Ал қазір тырнағын әсемдеп, екі аяғын айқастырып қарап отыратын, жұмыстың ләззәтімен рахатын не өзі білмейтін, не балаларына үйрете алмайтын ақсаусақ орысқұлдар көбейіп кетті. Көршісі мал бақса иісі сасық деп жер көкке шауып арызданады. Мен жемеген майлы ішек боғымен қатсын дейтін секілді. Астана секілді ірі қаладардың маңында қала тұрғындарын арзан сүт , ет пен қамдайтын шаруашылық ауылдар етіп
белгіленген ауылдарға мал бағуға жаңағы ақсаусақ орысқұлдар сасық деп кедергі келтіріп жатыр. Ал онда мал бақпайтын Қосшы секілді ауылдарға қоныстануға өздерінің жағдайы келмейді екен. Яғни кедейдің кербезінен сақта деген осы шығар.

Айналайын ағайындар, не айтайын, мұрын шүйіргіштердің көбі тырнағын әсемдеп базарда сатушы, еден жуыушы болып істеп жүр, бірақ малды сасық дейді. Мен айтар едім, осы орысқұлдық санадан арылмасаң ата кәсібің мал шаруашылығыңды жандандырмасаң ұрпағыңның обалына қаласың. Өзге ұлтқа құл болып кетеді.

Дүниедегі ең сасық қи малдікі емес , тауықтікі. Бірақ мен 200 тауық ұстаймын ешқандай сасық иісі шығып көрген жоқ. Әлемдегі ең сезімтал нәзік жандылар, ақын әншілердің арасында жүремін, бірақ ешқашан қи-тезек сасыдың дегенін естігем жоқ. Және мал тауық бағып қара жұмыс істегенім үшін тіпті иығым аласарып көрген жоқ.

Сіздерге айтарым барша қазақтар ата кәсібің мал бағуды қолыңа ал, сасық деп мұрын шүйірген ақымақ орысқұлдықтан аулақ бол. Мені ата анам тынымсыз еңбегімен, тоқтамай жұмыс істеуге тәрбиеледі. Адал кәсіптің бәрі де ұлы, бәрі де абройлы.

Гүлісхан Домалайқызы

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395