"Қайсар" мен "Астананың" әруағы
Өткенде бір каналдан футболдың шет жағасын көріп қалдым. Стадиондағы жиналған жұрт "Қайсар" дей ме, "Астана" дейме, бірдеңе деп айқайлап жатыр.
Құды бір соғыстағы "Қабанбайлап" жауға шапқан қазақ сарбаздары көзіме елестеп кетті. Олар сонда "Қайсар" мен "Астананың" әруағын шақырып жатқан жоқ, жерлес футболшыларға рух беріп, қарсыластарының мысын басу үшін ұрандатып жатыр.
Батырлардың атын атап жауға шапқан бабаларымыз да оны дəл осылай жаудың мысын басатын тактикалық амал, жауынгерлік əдіс ретінде ғана қолданса керек, қалай ойлайсыздар?!..
Жолымбет Мәкіш
Facebook-тегі парақшасынан