Жұма, 22 Қараша 2024
5547 0 пікір 25 Қыркүйек, 2017 сағат 16:53

Қазақстандық "Тұлпар" ұлттық кинофестивалінде үздік фильм аталымын Ақан Сатаевтың "Районы" иеленді

Алматыда киноматография саласындағы "Тұлпар" ІІ ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.
Барлығы 9 номинация бойынша үздіктер анықталды. Олар: "Үздік фильм", "Үздік режиссер жұмысы", "Үздік сценарий", "Үздік ер бейнесі", "Үздік әйел бейнесі", "Үздік оператор жұмысы", "Үздік қойылым суретшісі", "Үздік фильм әуені", "Үздік шетелдік фильм" аталымдары.
"Тұлпар" жүлдесінің ең маңызды ерекшелігі "Үздік фильм" аталымының жеңімпазы 2019 жылы "Оскар" жүлдесіне ұсынылатын болады.

Биыл жүзден астам фильмдер аталмыш жүлдеге ұсынылды, - деді Ұлттық киноматография өнері мен ғылымы академиясының президенті, ҚР халық әртісі Айман Мұсаходжаева. Түрлі санаттағы номинациялар бойынша әр аталымда үштен көп үміткерлер бар. Конкурс өте жоғары дәрежелі, сондықтан ең мықтылары таңдалды.
Биылғы жылы премияның ерекшелігі үздік фильм Оскар сыйлығына қатыса алады. Тұлпар жүлдесінің дәл қазір өтуінің себебі де осы. Өйткені Оскар жүлдесіне қатысу үшін алдын ала құжаттары реттеліп, әлемдік дәрежеге лайықталуы қажет.

Ұлттық "Тұлпар" жүлдесі мемлекеттік қаржы есебінен өткізіліп отыр.
"Біздің министрлік үшін, сонымен бірге қоғам үшін және мәдениет үшін кино жүлдесі үлкен құбылыс, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев.
Біз біріншіден бәсекеге қабілетті мәдениет саласын қалыптастыруымыз қажет. Қоғамдық сананы жаңғыртуымыз керек. Ол үшін мемлекеттік қолдау қажет. Сондықтан да киноматография саласына қолдау көрсетілді. Біздің мәдениетіміз соның ішінде кино саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін, әлемдік дәрежеге шығуы үшін, мүмкіндінше барлық жағдай жасалуда. Біз 90 миллион теңге көлемінде қаржы бөлдік. Біздің пайымдауымызша, бөлінген қаржы толықтай үмітті ақтайды."

"Тұлпар" жүлдесінің Қазақстандық кино саласына еңбегі сіңгені үшін атағын Асанәлі Әшімов иеленді.

"Үздік кино музыкасы" номинациясы бойынша Абулхаир Жарасқан "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі, Алим Заиров "Районы", Алиби Мамбетов "А.Л.Ж.И.Р." және Никита Корев "Тараз" фильміндегі музыка бойынша өзара бақ сынасып арасынан Алим Заировтың "Районы" үздік әуен жүлдесін иеленді.

"Үздік қойылым суретшісі" бойынша Өмірзат Шманов пен Сәбит Құрманбековтың "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" иеленді.
Сонымен бірге "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі үздік оператор аталымы бойынша үздік атанды. "Үздік әйел бейнесі" номинациясы бойынша "В сетях" фильмінен Айсұлу Азимбаева иеленді.
"Үздік ер бейнесі" аталымы бірден екі актерге табысталды. Олар, Қайрат Кемалов "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмімен және Эльтерес Нұржанов "Районы" фильміндегі рөлдері үшін үздік атанды.
"Үздік сценарий" аталымы бойынша "Тараз" фильмі Нұртас Адамбай, "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" Смағұл Елубай, "Районы" Тимур Жақсылықов және "Завтра море" фильмімен Катерина Суварова өзара бақ сынасып Тимур Жақсылықов аталмыш аталымның үздігі атанды.
Сонымен бірге, "Районы" фильмі "Үздік режиссер жұмысы" номинациясы бойынша да жүлдеге ие болды.
"Үздік шетелдік фильм" жүлдесін "В поисках мамы" фильмімен Қырғыстан иеленді.
"Ең үздік фильм" жүлдесі бойынша "Районы", "Завтра море" және "Қазақ хандығы.Алмас қылыш" фильмдері өзара бәсекеге түсіп Ақан Сатаевтың "Районы" фильмі ең үздік атанды.

Қазақстандық "Тұлпар" ұлттық кинофестивалінде үздік фильм аталымын Ақан Сатаевтың "Районы" иеленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320