«Лукойл» Өзбекстандағы жобаларға тағы 3 миллиард доллар салады
«Лукойл» Өзбекстанға инвестиция салу жөнінде жаңа ұсыныстар жасайды. Бұл туралы ресейлік компания басшысы Вагит Алекперов мәлімдеді.
«Біз Өзбекстанға шамамен $6 млрд инвестиция салдық. Соның ішінде Гиссар ($1,5 млрд) жобасын дамыту және Кандыманы жыл аяғына дейін іске қосу жобалары бар», – деді Алекперов Интерфакс агенттігіне.
"Бұған қоса Кандыма және Гиссардағы барлық нысандарды дамытуға қосымша $3 млрд бөлінеді», – деді ол.
Компанияның Өзбекстанда өндірілетін газдың барлығы сыртқы нарыққа бағытталған, деді Алекперов.
Abai.kz